ҚазРусEng
КПО Әлеуметтік әріптестік саласындағы жетістіктері үшін «Парыз» наградасын алды.

Астана, Қазақстан, 2009 жыл, желтоқсанның 2.

Желтоқсанның екісі күні Астанадағы Конгресс – холда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз»-2009 республикалық байқауын қорытындылау рәсімінде «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы «Үздік ұжымдық келісім-шарт» категориясы бойынша қола жүлдеге ие болды.

 

Осы жоғары дәрежелі награда туралы айта келіп КПО-ның бас директоры Джузеппа Пази былай деді: «Қарашығанақ республиканың  тұрақты өркендеу міндеттерін орындауға үлес қосуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан республикасының жауапты корпоративті азаматы болуға міндеттеме қабылдады. Біз талантты қызметкерлер өз жұмысы орны ретінде таңдап алатын компания болуға тырысамыз. өз қызметкерлеріміз үшін біз әділетті қарым қатынас, кәсіби өсу және олардың қажеттіліктеріне көңіл бөлуді ұсынамыз. Бұл награда кәсіподақтармен орнаған берік қарым-қатынастың дәлелі де, сондықтан мен олардың жыл сайынғы жұмыстарын атап өткім келеді және сол үшін алғыс айтамын».

«Біздің жұмысымыздың аталғанын және еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігінің марапаттағанын мақтан етеміз, бұл дегеніңіз біздің Қазақстан республикасы үкіметімен әріптестігімізді растайды. Оның мақсаты  бүкіл еліміз үшін Қарашығанақтың табиғи ресурстарын игерудің тұрақты әлеуметтік-экономикалық артықшылықтарымен  қамтамасыз ету болып табылады»,- деп атап көрсетті Джузеппе Пази.

«Парыз»  наградасы жыл сайын өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін көрнекі түрде растай алған компанияларға беріледі, соның ішінде «үздік ұжымдық келісім-шарт» категориясында кәсіпорындардың  жұмысшылардың еңбек және әлуметтік құқықтарын Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылғандай едәуір жақсартушы және нығайтушы ұжымдық келісім- шарттары қаралады.

Байқау төралқасы КПО-ның ұжымдық келісім-шартының негізгі шартын атап өтті: 30 күндік ақылы еңбек демалысы, сырттай оқу факультеттерінің студенттері үшін ақылы демалыс, компания қызметкерлері мен олардың отбасы үшін санаторий, курорттық емделу жолдамалары, тұрғылықты мекен- жайынан жұмыс орнына дейін және кері қарай қатынауға тегін көлікпен қамту, жұмыс орнында тегін тамақтандыру, медециналық сақтандыру және КПО қызметкерлерімен оның отбасы мүшелерінің емделуі, сыйақы және басқа да әлеуметтік жеңілдіктер.

КПО жуырда корпоративті жауапкершілік  пен қызметкерлер алдындағы міндеттемелер шеңберінде мамандар қатарын ұлттық кадарлармен толықтыруды   жалғастыру бойынша он жылдық бағдарлама дайындады.  Бұл бағдарлама  ҚР өкілетті органы АҚ «Қазмұнайгаз»ҰК» АҚ –мен  бекітілді.
Бүгінде компанияның жергілікті қызметкерлері барлық басқармалық позициялардың 55 пайызын, орта мен төменгі бөлімдерді басқару қызметтері және техникалық мамандар 88 пайызды құрайды. КПО мамандар қатарын ұлттық кадарлармен толықтырудың жаңа бағдарламасында  2018 жылға дейін қазақстандық менеджерлер санын 70 пайызға және төмен мен орта бөлімді басқарушыларды 95 пайызға дейін жеткізу міндеттемесін қабылдап отыр.

Персоналмен жасалып жатқан жұмысқа қосымша КПО өндірістік қауіпсіздікті, еңбек және қоршаған ортаны қорғауды  жақсартудың, озық технологияны қолданудың, жергілікті қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасаудың, әлеуметтік-инфрақұрылымдық  жобаларды жүзеге асыру мен жергілікті тауар жеткізушілермен ынтымақта жұмыс жасаудың арқасында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына үлес қосуды жүзеге асырып  келеді.

Бұл жұмыстар компанияның жақында шығарған тұрақты өркендеу жөніндегі есеп берудің халықаралық стандарттарын ескере отырып және ішкі аудиторлардың тексеруінен өткен  КПО-ның  алғашқы есебінде көрсетілген.  Жақын арада бұл есеп компанияның веб-сайтына шығарылып, қоғам назарына ұсынылатын болады.