ҚазРусEng
КПО жаңа экологиялық орталықты пайдалануға береді.

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 2009 жылдың қазан айының 16.«Карачаганак Петролиум Оперейтинг» (КПО) компаниясы бүгін қоғамдық ұйымдардың назарына әлемдік деңгейдегі экологиялық орталықты жұртшылық назарына ұсынды. Ол қайталап қайта өңдеу мен бұрғылау ерітіндісі мен шламды қоршаған ортаны қорғау мен экономикалық рентабелділігін ескере отырып, көмуді жүзеге асырады.
КПО-ның бас директоры Джузеппе Пази: «қоршаған ортаны қорғау мен табиғат байлығын есеппен пайдалану бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес, КПО кәсіпорынның экологиялық көрсеткіштерін жақсарту мен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қалдықтарды басқарудың сенімді процесін жасақтап шығарды» – деп атап көрсетті.
«КПО біздің компаниямыздың  жою, қайта өңдеу, бұрғылау ерітіндісі мен шламды қауіпсіз орналастыру бойынша Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемдік көшбасшылардың қатарына енуіне  мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технология енгізіп отыр. Бұл соңғы бес жыл ішінде кәсіпорынның экологиялық қызметін жақсартудағы КПО компаниясы қол жеткізген маңызды жетістіктердің қатарындағы тағы бір үлкен жетістік»  - дегенді қосып айтты Джузеппе Пази.
Экологиялық орталық бұрғылаудың сұйық және қатты қалдықтарын қауіпсіз қайта өңдеу мен көмілуін  қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда пайдаланылушы жаңа заманға сай технология КПО-ға мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісін қолдануға көшуге мүмкіндік береді, ал бұл өте тиімді. Өйткені ұңғымаларды бұрғылау кезінде суды пайдалану деңгейін және шлам көлемін азайтады, сол сияқты ауаны ластауды төмендетеді.
     КПО Экологиялық орталықты пайдалануға енгізуінің арқасында қымбат базалық май алып, оны қайта пайдалана алады. Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісі 65 пайызды құрайды. Айналып келгенде Қазақстан республикасы үшін және Қарашығанақ кәсіпорны бойынша әріптес компаниялар үшін үлкен табыс табу  болып саналады.
КПО-ның экологиялық орталығы мына нысандарды қамтиды:
-бұрғылау шламын қауіпсіз және тиімді қайта өңдеу жүргізетін шламның термомеханикалық өңдеуі қондырғысы.
- бұрғылау ерітіндісін араластыру мен қайта өңдеу жөніндегі кешен болып табылатын бұрғылау ертінділері зауыты.
-мұнай өнімдерімен ластанған суды тазалайтын, ұңғымалардың күрделі жөндеуі кезінде рассолды қайталап пайдалап пайдалану үшін қайта өңдейтін, сол сияқты ұңғымалардың жоғары интервалында пайдаланушы су негізіндегі бұрғылау ерітіндісін қайта өңдейтін сұйық қалдықтар қондырғысы.
-Бұрғылау шламы болып табылмайтын мұнай өнімдерімен және қатты қалдықтармен ластанған жерді қайта өңдейтін айналмалы пеш.
 Бұдан басқа КПО-ның Экологиялық орталығы аумағында қазіргі уақытта өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптары мен стандарттарына сай келетін қалдықтарды көмудің стационарлық полигонының құрылысы жүріп жатыр.