ҚазРусEng
КПО жаңа веб сайт ашып жатыр

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан Облысы, 2010 ж. 30 сәуір – Бүгін “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг” (КПО) компаниясы өзінің <link http: www.kpo.kz>www.kpo.kz адресі бойынша орналасқан жаңа веб сайттың ашылуы жайлы ресми түрде жариялады.    

Жаңа веб сайттың ашылуына орай КПО бас директоры Джузеппе Пази сөз сөйледі: “Жаңа веб-сайттың дизайны мен мазмұны КПО-ның адал және ашық корпоротивтік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылған. Біз қоғамға Қарашығанақ жобасындағы әлемдік деңгейдегі инновациялық шешімдер жөнінде дер кезінде ақпарат бере алатындығымызды мақтан етеміз. Бұл бізге тек Қазақстанда емес, сонымен бірге дүние жүзіндегі мұнай және газ саласындағы ең жоғарғы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.”

Жаңа веб-сайт КПО компаниясының қызметі мен көрсеткіштері жайлы мәлімет беретін  негізгі ақпарат құралы болып табылады. Сайт өзінің ақпаратын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынады. Сайтқа кірушілер <link http: www.kpo.kz>www.kpo.kz веб беттерінде Қарашығанақ жобасында қолданылатын экспорт жолдары және технологияларымен таныса алады.    

КПО-ның веб сайтында көрсетілген өнім өндіру, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау, қазақстандық үлесі мен әлеуметік қызметі туралы мәліметтер КПО компаниясының тұрақты дамуға қосқан үлесінің көрсеткіші болып табылады.

Қазіргі уақыттағы компанияның қызметкерлерін оқыту және жан жақты дамыту бағдарламалары, сонымен бірге әр түрлі қайырымдылық жобалар жайлы мәліметтер көпшілікке пайдалы болатынына сенеміз.

Жаңалықтарды, корпоротивтік бейне және фото-кітапхананы веб сайттың хабарлар бөлімінен көре аласыз. Біздің сайтқа кірушілер КПО-ның жабдықтаушысы болудың жолдары туралы мәлімет алып, сонымен бірге бос жұмыс орындарына онлайн өтініш толтыра алады, немесе кен орынның интерактивті картасымен таныса алады.

Жаңа веб сайт мүдделес тұлғаларға да, қоғамға да қызықты, әрі пайдалы болады.

Бұқара ақпарат құралдарының редакторларына ескерту: “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.” (КПО) Би Джи Групп (32,5%), Эни (32,5%), Шеврон (20%) және ЛУКОЙЛ (15%) компанияларының бірлескен кәсіпорны болып табылады.

КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі Қарашығанақ кен орнын өңдеуін және дамуын жүзеге асырады.
Кен орны Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы километр аумақты алып жатыр. Мұнай, газ және конденсаттың (HIIP) бастапқы баланстық қоры 9 миллиард баррель конденсат пен 48 триллион текше фут газды құрайды, ал бағаланған жалпы қор көлемі 2,4 миллиард баррель конденсат пен 16 триллион текше фут газдан асады.
Бүгінде Қарашығанақта көмірсутек өндіруде рекордтық деңгейге қол жеткізілді. Кен орны Қазақстандағы ең ірі газ өндіру кәсіпорны болып табылады. Қарашығанақтың газ өндіру көрсеткіштері республиканың барлық газ өндірісінің шамамен 44 пайызын және барлық сұйық көмірсутектер өндірісінің шамамен 14,5 пайызын құрайды. 2009 жылы Қарашығанақта шамамен 139,4 миллион баррель мұнай өндірілді.

Қосымша мәлімет алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласуыңызды сұраймыз:
Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
Гүлнар Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz

КПО Корпоративті байланыстар бөлімі