ҚазРусEng
КПО Экологиялық орталығы BG GROUP басқарма төрағасының 2010 жыл жоғары марапатына ие болды.

АҚСАЙ, Батыс-Қазақстан облысы, 2010 жыл 25 мамыр – Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) 19 мамыр күні «BG Group Басқарма Төрағасының» жылдық марапаттау рәсімінде Қазақстанға алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және «Қоршаған ортаны қорғау» категориясында «Эко орталық» жобасы үшін жоғары марапатқа ие болды.

Бұл байқаудың басты мақсаты – еңбекті қорғау, өнеркәсіп және жалпы қауіпсіздік, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау саласында жеткен жоғары көрсеткіштері мен дүние жүзінде BG Group компаниясының бөлімшелері болып келетін барлық компаниялардың бірлестік жауапкершілігін мойындау. Бұл жылы байқауға 122 өтініш жіберілді. Марапаттау рәсімі Ұлыбританияда, Royal Horticultural Society’s garden, Wisley-де өтті.

Байқауға қатысқан жүлдегерлерді BG Group Басқармасының Төрағасы сэр Роберт Вилсон құттықтады.  

Сэр Роберт Вилсон: «Талапкерлердің байқауға жіберілген өтініштер бізге үлкен әсер етті. Олар компанияның іскерлік қағидалары мен негізгі бағытын және BG Group-тың қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау, қауіпсіздік техникасын сақтау және әлеуметтік жауапкершілік сияқты категорияларында қолданылатын компанияның қауіп-қатерлерді басқару ерекшеліктерін көрсетіп тұр.»

КПО бас директоры Джузеппе Пази КПО тобын жеңіске жетуімен құттықтап, «Эко Орталық» жобасына өз үлесін қосқан адамдардың барлығына өз алғысын білдірді. 

КПО бас директоры Джузеппе Пази: «КПО Экологиялық орталығы қоршаған ортаны қорғау және табиғат байлығын үнемді пайдалану бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес жоба болып табылады. Біз қоршаған ортаны қорғау саласында келешек жұмыстарымызды жақсарту және өнім шығару көрсеткіштерін көтеруге мүмкіндік беретін үлкен жұмыс жасадық. Бұл жеңіс біздің үздік өнім шығару мен бастамаларымызды мойындауы болып табылады.»

2009 жылы ашылған Экологиялық Орталық КПО-ның қалдықтарды азайту және оларды қайта өңдеу саласындағы маңызды жетістік.
Бұл дүние жүзілік деңгейдегі нысан бұрғылаудың сұйық және қатты қалдықтарын қауіпсіз қайта өңдеу мен көмілуін қамтамасыз етеді.

КПО-ның Экологиялық орталығы келесі нысандардан тұрады: бұрғылау шламын қауіпсіз және тиімді қайта өңдеу жүргізетін шламның термомеханикалық өңдеу қондырғысы, бұрғылау ерітіндісін араластыру мен қайта өңдеу жөніндегі кешен болып табылатын бұрғылау ертінділер зауыты, мұнай өнімдерімен ластанған суды тазалайтын, ұңғымалардың күрделі жөндеу кезінде рассолды қайта пайдалану үшін қайта өңдейтін, сол сияқты ұңғымалардың жоғары интервалында пайдаланушы су негізіндегі бұрғылау ерітіндісін қайта өңдейтін сұйық қалдықтар қондырғысы, және бұрғылау шламы болып табылмайтын мұнай өнімдерімен және қатты қалдықтармен ластанған жерді қайта өңдейтін айналмалы пеш.

Сонымен қатар КПО мұнай негізіндегі бұрғылау ерітінділердің 65 пайызын құрайтын қымбат негізгі майды алып, оны қайта пайдалануға қолдана алады, және де негізгі майды судан ажыратып, сол арқылы сақтау алаңындағы қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде КПО-ның Экологиялық орталығы аумағында қалдықтарды көму стационарлық полигонының құрылысы жүріп жатыр.