ҚазРусEng
КПО 2009 жылғы Орнықты Даму Есебін Шығарды.

Ақсай, Батыс-Қазақстан облысы, 2010 жыл 3-ші маусым - Бүгін Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) 2009 жылғы орнықты даму есебін шығаруы туралы жариялады.

КПО бас директоры Джузеппе Пази: «Тұрақты даму КПО-ның Қазақстандағы іскерлік белсенділігінің бір бөлігі болып табылады. КПО-ның Қазақстан Республикасы және ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясымен серіктестігі біздің жұмысымыздың үкімет  мақсаттарымен сәйкес дамуға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттар республиканың табиғи ресурстарының дамуы бүкіл елге тұрақты табыс әкелетініне кепіл береді.»

Джузеппе Пази: «Тұрақты дамуды жүзеге асыру жолында КПО-ның бар күші ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы алдыңғы жүйеледі қолдау, корпоративті басқару тұрақты қағидаларын қолдану, біздің өнім шығару үдерістеріне жаңа технологиялырды енгізу және шетелдік қызметкерлерді жергілікті мамандармен алмастыру, қазақстандық үлесін арттыру және әлеуметтік дамуға үлес қосу бағдарламаларын жетілдіруде шоғырланады.»

Бұл КПО-ның 2009 жылда жасалған жұмысын жариялайтын орнықты даму бойынша жасалған екінші есебі болып табылады. Бұл есеп тәуелсіз растаудан өтіп, үш тілде шығарылды (қазақ, орыс және ағылшын). Есеппен <link>"Орнықты даму" бетінде таныса аласыз.