ҚазРусEng
КПО Батыс Қазақстан облысында екі инновациялық жобаны ұсынды

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 28 Маусым 2010 ж. – Бүгін «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан екі инновациялық жобаны көпшілік назарына ұсынды.

 Жымпиты ауылында өткен ресми салтанатта КПО Бас директоры Джузеппе Пази былай деді: «Батыс Қазақстан облысының бес ауыл аймағында тұратын жүз мыңдаған адамдарға экологиялық таза көгілдір отынның тұрақты көзі болатын Қарашығанақ-Орал газ құбыры құрылысының аяқталып қалғаны туралы хабарлауға өте қуаныштымын.»

«Қазақстан Республикасы мен Қарашығанақ серіктестері қарым-қатынасының нәтижелі айғағы ретінде, сонымен қатар аудан өркендеуінің жалғасуына күшті серпін болатын бұл жетістіктің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да маңызы өте жоғары. Қазақстан ішкі газ нарығының дамуын ілгерілетін және Батыс Қазақстан облысындағы тұрғылықты халыққа қажетті отын көзімен қамтамасыз ету арқылы өндірістік өсуді көтермелейтін маңызды әлеуметтік жоба болып табылады», - деді Джузеппе Пази.

Толықтай аяқталған кезде, «Қарашығанақ-Орал» жобасы Қарашығанақ кеніші мен Орал қаласы арасындағы территорияда Орал өзенінің сол жағалауында орын тепкен елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді. Табиғи газдың тұрақты көзі бола тұра, жобаның жүзеге асуы халықты жұмыс орындармен қамтамасыз етуге, жергілікті әлеуетті дамытуға, технологияларды жеткізуге және соған сәйкес жергілікті инфрақұрылымды жетілдіруге септігін тигізеді.

«Қарашығанақ-Орал» газ құбыр құрылысы мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметі, Батыс Қазақстан облысы Әкімдігі мен Қарашығанақ серіктестері арасында шешіліп, кейіннен ҚР Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатта осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі ресми Мақсат меморандумына қол қойылды.

Оралдан Новопавловкаға баратын және Батыс Қазақстан облысының Федоровка ауданын газбен қамтамасыз ететін құбырдың бірінші бөлігі 2009 жылдың қараша айында аяқталды. Бұл құбыр бөлігіне Ақсайға, Бөрліге және Тұңғышқа жалғанатын тармақтар да кіреді. 2009 жылдың қазан айында КПО компаниясы Жымпиты ауданына газ бағыттайтын қосымша желі -  116 км 10-дюймдік газ құбыры құрылысын бастады және де бұл жұмыстар негізгі жоба көлеміне енгізілді. «Қарашығанақ-Орал» газ құбыры құрылысы жобасына жұмсалған қаржы шамамен 300 миллион АҚШ долларына саяды.КПО тапсырысы бойынша құбыр құрылысын қазақстандық «Казстройсервис» мердігер компаниясы жүргізуде.

КПО бастаған тағы бір жоба  - таяуда Орал қаласы жанында салынып біткен 54-мегаваттық газотурбиндік электр станциясынан бастау алатын электр желілер құрылысы болып табылады.Бұл жоба аясында КПО подстанция мен 110/10kV электр қуаты желісін, сонымен қатар жұмыстағы екі 110/35/10kV подстанциясын қайта жөндеуден өткізеді. Бұл жоба КПО тапсырысы бойынша «Элмо» орал компаниясымен жүзеге асырылуда.

Оған қоса, КПО жақын арада аталмыш газотурбиндік электр станциясынан жылу желілерін жүргізеді. Орал қаласындағы жұмыстағы жылу желілерінің бірнеше аймағын қайта жөндеуден өткізу де жобаның көлеміне енгізілген.

Электр және жылу желілері құрылысы КПО-ның әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бұл жобаларға жұмсалынатын жалпы қаржы көлемі 23 миллион АҚШ долларынан асады.

Қосымша ақпарат алу үшін, келесі қызметкерлерге хабарласыңыз:
Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz
КПО сыртқы байланыс департаменті