ҚазРусEng
КПО әлеуметтік даму саласындағы жетістіктері үшін «Алтын Парыз» марапатын алды

2010 жылдың 21-ші желтоқсанында «Қазақстан» орталық концерттік залында болған «Парыз 2010» атты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқаудың қорытындысы бойынша «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы «Үздік әлеуметтік жоба» категориясы бойынша алтын жүлдеге ие болды.

Кеш Қазақстан Республикасының Президенті, премьер-министрі, үкімет мүшелері және басқа да ресми өкілдердің қатысуымен өтті. КПО кен орынға жақын орналасқан ауыл тұрғындарының және компания қызметкерлерінің көпшілігі тұратын Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосып, серіктес қомпаниялар мен облыстық әкімшіліктің қолдауымен үлгілі әлеуметтік жауапты бизнес болуға талпынып келеді.

КПО жыл сайын Батыс Қазақстан облысында бірнеше маңызды әлеуметтік жобаларды іске асырады және компания жетістіктері ең жоғары деңгейде бағаланғанын мақтан тұтады. КПО «Парыз» байқауына бірнеше жыл бойы қатысып келеді, және осы жылы қол жеткізген алтын жүлде компания мен қызметкерлері үшін, сонымен қатар серіктестер мен мердігер компаниялар үшін өте маңызды жетістік.

«Парыз 2010» жүлдесі жеңімпаздарын анықтауда қатаң тәртіп сақталған болатын, ал бәсекелестік жоғарғы деңгейде болды. Жеңімпаздар 400-ден астам экономиканың әр түрлі саласындағы компаниялардан таңдалды. Бұл байқаудың мақсаты өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың, және жалпы қоғамның мүддесі мен қажеттіліктеріне аса көңіл бөлген кәсіпорындар мен компанияларды анықтап, оларға баға беру.

Бұл жылы «Парыз» салтанаты өте маңызды болды, себебі ол тек осы жылы Қазақстанда 152 жаңа жобаны іске қосқан қарқынды индустриялы-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша алғашқы жылды қорытындылады.

Байқаудың басқа номинациялары бойынша алтын жүлдені CNPC Ақтобемұнайгаз, Казцинк және Air Astana компаниялары алды.