ҚазРусEng
«Кеніштегі ең күшті өрт сөндіру бөлімі» атты жылдық сайыстың нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі

2011 жылдың 6 қаңтарында Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі №31-ші өрт сөндіру бөлімінде «Кеніштегі ең күшті өрт сөндіру бөлімі» атты жылдық сайыстың нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Сайысқа кеніштегі төрт өрт сөндіруші бөлімдер қатысты (ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3 және Пилот қалашығы). Сайыс барысында өрт сөндірушілердің кәсіби біліктілігі, апаттық жағдайда әрекет ету деңгейі, апаттық-құтқару жабдық пен құралдардың жұмысы, нысаналар арасындағы өзара әрекет ету және өрттің алдын алу деңгейлері бағаланды.

Марапаттау рәсіміне Кеніш басқарушысы, Пол Мич, Кеніштегі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқарушысы, Брайан Попович, Апаттық жағдайда әрекет ету тобының жетекшісі, Александр Охрименко, ГКДҚ-2 басқарушысы, Энзо Антоначи, ГКДҚ-3 нысанында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қызметінің бастығы, Онайбай Маркабаев, «Өрт сөндіруші» АҚ БҚО филиал директоры, С. Күзенбаев, «Өрт сөндіруші» АҚ БҚО филиал директорының орынбасары, Н. Маштаков қатысты.

ГКДҚ-2 №28-ші өрт сөндіру бөлімі «2010 жылғы ең күшті өрт сөндіру бөлімі» болып табылды.

Пол Мич дәстүр бойынша «Өрт сөндірушінің алтын балта» белгісін №28-ші өрт сөндіру бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамедьяровқа табыс етті.

«Өрт сөндіруші» АҚ БҚО филиал директоры С. Күзенбаев салтанатты рәсімде сөз сөйледі. Ол атқарған жұмыстарына орынды баға бергені үшін КПО басқармасына ресми түрде алғысын білдіріп, 2010 жылдың жетістіктерін қорытындылады және «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 2011 жылға жоспарланған жұмыстары жайында хабардар етті.

Кеніштегі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқарушысы Брайан Попович компанияның өрт қауіпсіздігі мәселесіне қосқан үлесі ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігі және КПО басқармасымен жоғары бағаландығы жөнінде айтты. Брайан Попович ҚР Төтенше жағдайлар Министрі, В.К.Божконың алғыс хатын апаттық жағдайлардың алдын алуға қосқан үлесі үшін Өрт сөндіру бөлімінің басшысы Талғат Нұржановқа табыстады. 

ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің құрметті ардагерлеріне - №10-шы өрт сөндіру бөлімінің басшысы Б. Мамбетовке және Өрт сөндірушісі Н. Компанеецке “Ардагер” медальдары берілді.

Александр Охрименко, Апаттық жағдайда әрекет ету тобының жетекшісі БҚО Төтенше жағдайлар департаменті, Бөрлі ауданы әкімдігі және Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері 2010 жылдың тамыз айында өткен кешенді апаттық жаттығу кезінде кеніштегі апаттық жағдайда әрекет ету тобы мен өрт сөндірушілердің профессионалдығына жоғары баға бергендігін атап өтті. Дегенмен, бұл тынышталатын кез емес, ары қарай осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, жоғары дайындық деңгейін көрсету қажеттігіне назар салды.

№28-ші өрт сөндіру бөлімін марапаттау рәсімі КПО-да ерекше орын алған және болашақта апаттық жағдайларды болдырмау турасында жемісті жұмыс жүргізуге ынталандыратын оқиға болды.