ҚазРусEng
Қарашығанақ кенішіндегі қазалы оқиға жөніндегі КПО хабарламасы

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 7 наурыз 2011ж. – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы  6 наурызда шамамен сағат 23:53-те Қарашығанақ өңдеу кешенінде газ жылыстауы салдарынан КПО қызметкері опат болған қазалы оқиға жөнінде аса өкінішпен хабарлайды. Басқа зардап шеккен қызметкерге Ақсай аудандық ауруханасында медициналық көмек көрсетілді. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

КПО тез арада апаттық жағдайда әрекет ететін топты оқиға орын алған жерге жұмылдырды.

Басқа зардап шеккен адам тіркелмеген. Оқыс оқиға қоршаған ортаға ешқандай нұсқан келтірген жоқ.

Оқиғаның жай-жапсарын анықтау жұмыстары басталды. Қолда бар деректер бойынша, оқиға технологиялық процестен ажыратылған резервуарды тазалау барысында орын алғандығы расталды. Газ жылыстауы болып, апаттық дабыл іске қосылды.

Ауадағы газдың құрамын өлшеу нәтижесінде оқиға болған аймақ қауіпсіз деп сараланды. Оған қоса, жақын аймақтардағы газ өлшеуіштер көрсеткіштері алынып, қатерлі факторлар жоқтығы анықталды.

Өкілетті мемлекеттік мекемелер, оның ішінде полиция және Төтенше жағдайлар Министрлігінің аймақтық қызметтері хабардар етілді. Қазіргі таңда, КПО олармен біріге жұмыс атқаруда.

КПО жазатайым кеткен азаматтың жанұясы мен туыстарының қазаларына ортақтастығын білдіреді. КПО опат болған қызметкер жанұясына тиісті көмек көрсетілуіне барлық шаралар қолдануда.

Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, мына қызметкерлерге хабарласыңыз:

Гульнара Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz
Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
КПО сыртқы байланыстар бөлімі