ҚазРусEng
КПО өндірістік қаупсіздік жөнінде бірлескен семинар өткізді

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 26 тамыз 2011 ж. – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В» (КПО) компаниясы және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар мен өндірістік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Ақсай қаласында өндірістік қауіпсіздік мәселелері жөнінде бірлескен семинар өткізді.

Семинар жұмысына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар мен өндірістік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті мен БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және КПО-ның басшылығы мен жетекші мамандары қатысты. Семинар барысында Қарашығанақ кеніндегі қауіптілігі ықтимал өндірістік нысандарды пайдалану кезінде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыға алынды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің  Төтенше жағдайлар мен өндірістік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Серік Ахметов семинардың ашылу салтанатында сөз сөйледі: «КПО-ның өндірістік нысандары өкілетті органдар тарабынан толық бақылауға алынған. Мен КПО басшылығы Қарашығанақ кенінде орналасқан нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қажетті шараларды қолданады деп ойлаймын. Біз бүгін КПО компаниясымен бірге осындай маңызды мәселе турасында жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз».

КПО Өндіріс директорының міндетін атқарушы Пол Мич семинар қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде былай деді: «Осындай техникалық күрделі кенді игеруде жетістікке жетудің басты алғышарты өндірістік қауіпсіздік болып келеді. Бұл ҚР өкілетті органдары үшін де, КПО компаниясы үшін де орынды талап. Осы орайда, аталмыш бірлескен семинар компанияның өндірістік қауіпсіздік бойынша заң талаптарын толық орындау мәселесінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз байланыс орнатуға ұмтылысын көрсетеді».

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы «Өндірістік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директорының орынбасары Виктор Веснин өз сөзінде былай деді: «Біз КПО компаниясының басшылығымен өндірістік қауіпсіздік мәселелерін, оның ішінде осы саладағы заңнамаларды дамыту мәселесін талқылау үшін жиі кездесіп тұрамыз. Мен КПО басшылығына өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлетіндігіне өз ризашылығымды білдіргім келеді».

Семинар барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Орал және Астана қалаларындағы өкілдері Қарашығанақ кенінің игерілу кезеңі туралы ақпарат алды. КПО мамандары семинар қатысушыларын өз жұмысының түрлі жақтарымен, оның ішінде  өндірістік нысанның қауіпсіздік декларациясы  және заң талаптарын орындау, мердігер компаниялардың жұмысын бақылау, бағанаралық қысымды жою жұмыстары, және КПО-да енгізілген өндірістік қауіпсіздікке оқыту және дайындау жүйесімен таныстырды. 

Семинар соңында Серік Ахметов  семинардың ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі үшін де, КПО үшін де пайдалы және нәтижелі болғандығын атап өтті.

Қосымша ақпарат алу үшін, мына қызметкерлерге хабарласыңыз:

Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz
КПО-ның сыртқы байланыс бөлімі