ҚазРусEng
КПО D технологиялық желісін іске қосты

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 14 маусым 2011 жыл. – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В» (КПО) компаниясы Қарашығанақ өңдеу кешенінде (ҚӨК) қосымша сұйық көмірсутектерді тұрақтандыру технологиялық желісін сәтті іске қосқандығы жөнінде хабарлады.

ҚӨК-дегі үш тұрақтандыру технологиялық желілеріне қосымша жаңа мұнай өңдеу қондырғысының іске қосылуы конденсат өнімін жылына 2,57 млн тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді.   

Қарашығанақ өңдей кешені Қарашығанақ кеніндегі басты мұнай өңдеу зауыты болып табылады. Мұнда өңделген мұнай Атырау арқылы халықаралық нарықтарға экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, бұл зауытта кендегі электр станциясына қажетті және жергілікті тұрғындарды қамтамасыз ететін газ өндіріледі.

КПО-ның қосымша D технологиялық желі  құрылысына инвестициялаған қаржы көлемі бір миллиард АҚШ долларынан асты. Негізгі жұмыстар Қазақстанда 650 миллион АҚШ долларын игерген 14 қазақстандық компаниялармен жүзеге асырылды. Құрылыс кезеңінде 2900 қазақстандық мамандар жұмысқа тартылды. 

Жобаның аяқталуына байланысты сөзінде КПО бас директоры Джузеппе Пази былай деді: «Біз КПО Қарашығанақ кенін игеруге бағытталған ірі инвестициялар турасында алған міндеттемелерін орындап жатқандығын дәлелдейтін тағы да бір өндірістік нысанды іске қостық».

Қосымша ақпарат алу үшін, мына қызметкерлерге хабарласыңыз:

Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz
КПО-ның сыртқы байланыс бөлімі