ҚазРусEng
КПО қызметкерлері халықаралық менеджмент бағдарламасы боиынша оқуларын аяқтады

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 10-шы қыркүйек 2011 жыл – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы 43 қазақстандық қызметкер Британдық көшбасшылық және менеджмент институтымен бірге ұйымдастырылған сертификатталған менеджмент бағдарламасы бойынша оқуларын сәтті аяқтағанын хабарлады.

КПО-ның Бас директоры Джузеппе Пази: «Орнықты даму және озық тәжірибелерді беру негізінде жергілікті әлеуетті дамыту біздің жұмыстағы маңызды бағыттарының бірі» - деп айтты. Компания қызметкерлері сәтті қызметтің іргетасы, сондықтан КПО шетелдік мамандарды жергілікті қызметкерлермен алмастыру бағдарламасын үздіксіз жүзеге асырып келеді. Қазіргі кезде КПО қазақстандық мамандардың оқытуы мен дамытуына 140 миллион АҚШ долларын инвестиция ретінде жұмсады.

Джузеппе Пази түлектерге: «Сіздер өте пайдалы білім алды деп үміттенемін, және қазіргі кезде өздеріңіздің және компанияның болашақ мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндіктеріңіз бар» - деп айтты.

«КПО шетелдік мамандарды жергілікті қызметкерлермен алмастыру бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше назар аударады. Сондықтан компания қазақстандық қызметкерлерге қазіргі заманға лайық менеджмент бойынша халықаралық деңгейде танымал біліктілік беретін бірегей оқыту және дамыту стратегиясын әзірледі. Қазіргі таңда жергілікті қызметкерлер үлесі барлық басқару лауазымдары бойынша 65 пайызды, ал техникалық мамандар, орта және төмен шендегі басқару лауазымдары бойынша  93 пайызды құрайды», - деп Еңбек ресурстар бөлімінің басқарушысы Серджио Зановелло айтты.

ILM бағдарламасының директоры Мэри Брукс былай деп айтты: «ILM оқыту бағдарламасы шетелдік мамандарды жергілікті қызметкерлермен алмастыру бағдарламасы аясында КПО қазақстандық қызметкерлерінің  кәсіби білімі мен дамуын толықтырады. Басқару дағдыларын үйрену КПО-да мансаптары тез дамуына апаратын ILM курсы тыңдаушыларының кәсіби біліктілігін дамытатынына сенімдімін».

КПО әрі қарай шетелдік мамандарды жергілікті қызметкерлермен алмастыру бойынша жаңа он жылдық бағдарлама әзірледі. Келесі жылдарға қойылған мақсат – қазақстандық менеджерлер санын 70 пайызға, ал орта және төмен шендегі басшылар санын 95 пайызға жеткізу. Бұл бағдарлама ҚР құзіретті органымен бекітіліп, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен және Қарашығанақ жобасы бойынша серіктестермен қабылданған болатын.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласуды сұраймыз:
Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz
КПО сыртқы байланыс бөлімі