ҚазРусEng
КПО OHSAS 18001 және ISO 14001 стандарттарына сәйкестілік қайталама сертификаттауынан өтті

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 22-ші қыркүйек 2011 жыл – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелерін халықаралық OHSAS 18001 және ISO 14001 стандарттарына сәйкестілік бойынша қайталама сертификаттау аудитінен сәтті өтті.

 

Осыған байланысты КПО-ның Бас директоры Джузеппе Пази: «Халықаралық деңгейдегі жоба операторы болғандықтан КПО басты мақсаттарының бірі еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ) саласында ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу болып табылады. Компанияның OHSAS 18001 және ISO 14001 сертификаттауынан сәтті өтуі бұл саладағы көп жылдық еңбектің лайықты және оң бағасы» - деп айтты.

Сонымен қатар ол: «Біз бұл жетістікті мақтан тұтамыз. Біздің ортақ мақсатымыз - өндірісте сәтсіз оқиғаларды толығымен жою және қызметкерлеріміздің денсаулығына ешқандай зиян тигізбеу мақсатында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйесінің тиімділігін әрдайым арттыру және жақсарту» - деп қоса айтты.

OHSAS 18001:2007 еңбекті қорғау, өндірістік гигиена мен өнеркәсіптік қауіпсіздік басқару жүйесінің халықаралық стандарты болып табылады. Басқару жүйесіне мұндай стандартты енгізу КПО-ға компания қызметкерлерінің және мердігерлердің кәсіби қызметтерімен байланысты ықтимал қауіп-қатерлерді азайтуға, сонымен қатар КПО-ның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық талаптарға сәйкестікті растауға мүмкіндік берді.

КПО-ның қоршаған ортаны қорғау жүйесінің ISO 14001 стандартына сәйкес сертификатталуы қоршаған ортаға әсердің төмендеуін, оған қоса нормативті құжаттардың және қолданыстағы заңнамалардың барлық талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етті. Бұл стандарт өндірістің қоршаған ортаға кері әсерін төмендету мәселесінің шешілу жолдары сияқты қызметтің барлық негізгі аспектілерін анықтайтын компанияда енгізілген экологиялық басқару жүйесіне қатысты талаптар тізбегін орнатады. Компания басшылығы жағынан ұйымдастырылатын жүйелі түрде тексеру жұмыстарын жүргізу, табылған кемшіліктерді жою және алдын ала шаралар жиынтығымен қоса өндірістік үдерістерді үздіксіз жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен табиғатты қорғау шараларын жоспарлаудың сапасы осы жүйенің тиімділігіне байланысты болып келеді.

Соңғы он жылдың ішінде КПО Қарашығанақ кен орнында өндірістік қауіпсіздікті жақсарту мақсатында бірқатар теңдесі жоқ шараларды қолданған болатын. КПО және мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлері күнделікті жұмыстарында қауіпсіздік техника ережелерін сақтауға және өндірістің толығымен апатсыз болуына ұмтылуға міндетті. КПО озық шетелдік технологиялар мен стандарттарды енгізу арқылы өндірістің қоршаған ортаға әсерін ең төмен деңгейде ұстап тұруға мақсат қойып отыр. Көмірсутекті шикізатты және су ресурстарын тиімді пайдалану, парник газдар деңгейін және зиян қалдықтар көлемін азайту, сонымен қатар ағындар мен төгілулерді жою КПО компаниясының қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының негізгі құрамдас бөліктері болып табылады.

Мұнай және газ саласындағы басқа компаниялармен салыстырғанда КПО газды пайдаға асыру көрсеткіштері бойынша жетекші орында тұр. 2011 жылдың бірінші жартысында 99,96% газ пайдаға асырылған болатын. Мұндай көрсеткіш әлемдік мұнай және газ саласында теңдессіз болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласуды сұраймыз:

Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz
КПО сыртқы байланыс бөлімі