ҚазРусEng
КПО Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдағы қарсында марапат алды

Батыс Қазақстан облысы, Орал, 2011 жылғы 6 желтоқсан – Бүгін БҚО әкімдігінде өткен ресми марапаттау салтанатында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» атты медальмен марапатталды.

 

Осындай беделді марапатты алуға байланысты КПО бас директоры Джузеппе Пази: «Мұндай естелік медальді алу мен үшін үлкен құрмет. Бұл марапат Батыс Қазақстан өңірі мен түгел Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына КПО мен Қарашығанақ жобасы бойынша серіктес компаниялар қосқан үлес жоғары бағаланғанының айғағы» - деп айтты.

«Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Республика осы жылдар ішінде ауқымды жетістіктерге қол жеткізуде Қарашығанақ кен орнын игеру маңызды рөл атқарғанын біз ерекше мақтан тұтамыз. КПО-ның табысты болуы алдымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, құзіретті орган мен Қарашығанақ жобасы бойынша серіктес компаниялар арасындағы табысты ынтымақтастықтың нәтижесі» - деп Джузеппе Пази қосты.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» атты естелік медаль ұлттық экономиканы нығайтуға және жергілікті өндірістік әлеуеттің дамуына ерекше үлес қосқан, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне үлгі болған компанияларға беріледі.

КПО компаниясы өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау деңгейін көтеру, заманауи технологияларды қолдану, жергілікті тұрғындарды қолдау, әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ететін жергілікті жабдықтаушылармен ынтымақтастық арқылы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына зор үлес қосып келеді.

Фотосуреттерді келесі <link http: www.kpo.kz>сілтеме бойынша көруге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласуды сұраймыз:

Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz

КПО сыртқы байланыс бөлімі