ҚазРусEng
КПО Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына қарсы Приуральное орта мектебін қайта құру жобасын аяқтады

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай, 2011 жылғы 7 желтоқсан – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы Приуральное орта мектебін қайта құру жобасы сәтті аяқталғанын жариялады.

Бұл жоба БҚО әкімдігімен және Приурал селолық округінің қоғамдық консультациялық кеңесімен келісілген болатын. Өткізілген жөндеу жұмыстар жаңа мектепте 464 оқушының дәріс алуына мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мектепте 14 оқу бөлмесі, спортзал, акт залы, шағын орталық және асхана бар.

Мектепті қайта құру жұмыстары жергілікті «Строительная инициатива» мердігерлік ұйымымен жасалған болатын. Мектеп ғимараты мен қазандықты қайта құру бойынша жұмыстың айтарлықтай көлемі төрт айдан кем уақыт ішінде орындалып, сонымен қатар сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелері жөнделген болатын. Приурал орта мектебін қайта құру жұмыстары аяқталғанына арналған салтанатта КПО бас директоры Джузеппе Пази: «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында біз тағы да компанияның жергілікті тұрғындармен және аймақтың мемлекеттік органдарымен құрған өзара табысты қарым-қатынастардың нәтижелерін мақтанышпен атап өтудеміз. Консультациялық кеңес деңгейіндегі ортақ жұмыстың арқасында Бөрлі ауданы мен Батыс Қазақстан облысының орнықты дамуы жалғасып келеді» - деп айтты. 

КПО басқарудың корпоративті мәселелер жөніндегі басқарушысы  Чезаре Алберти Ди Катенайя: «Біз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Приурал орта мектебін қайта құру жұмыстарын аяқтауға өте қуаныштымыз. Консультациялық кеңестер мен жергілікті өкімет органдары ынтымақтастығының және КПО әлеуметтік инвестицияларының көмегімен  жергілікті тұрғындар жаңартылған мектептен пайда көре алады» - деп айтты.

Сонымен қатар: «Консультациялық кеңестер өздерінің селоларында КПО-ның әлеуметтік инвестициялары бойынша басымдықтарды анықтау үшін КПО-мен толық ынтымақтастықта қызмет атқарып келеді. Бұл сындарлы диалог КПО-ның тұрғындар проблемалары пайда болуына байланысты әрекет жасауына және КПО мен жергілікті тұрғындардың мүдделеріне сәйкес келетін бастамаларды әзірлеуге көмектесіп келеді.» - деп қосты.

Приурал селолық округінің әкімі Талгат Раимкулов КПО-ға Приурал селолық округін дамытуға көрсетіліп жүрген қолдауы үшін алғысын білдірді және компания бас директоры Джузеппе Пазиге алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар Талгат Раимкулов комания мен консультациялық кеңестердің осындай жемісті ынтымақтастығы әрі қарай жалғасатынына сенімін білдірді.

Орнықты даму бөлімінің бастығы Зульфия Музафарова жақын орналасқан елді мекендерде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспарларды дайындауда консультациялық кеңестер маңызды рөл атқаратынын атап өтті. КПО-ның жергілікті тұрғындармен құрып жүрген тығыз ынтымақтастық пен диалогтың арқасында соңғы жылдар ішінде бірнеше әлеуметтік маңыздылығы бар жобалар жүзеге асырылды, селолық мектептер мен емханалар жөнделді, сондай-ақ мектептер мен медициналық мекемелерге жабдықтар сатылып алынды. Селолық округтерді дамыту жобаларының шеңберінде Димитрово (2009) және Қарашығанақ (2010) селоларының мектептері жөнделді, Жаңаталап селолық дәрігерлік емханасы ғимаратын қаптау жұмыстары жүргізілді (2009), Березов селолық емханасы жөнделді (2010), және Успен орта мектебін ауызсумен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылған болатын (2009).

КПО селолық округтерді дамытуға бөлетін қаражаттардың көмегімен мектептерге, мәдениет үйлеріне және медициналық мекемелерге жабдықтар сатып алынған болатын. Мысалы, 2009 жылы Успен селосын техникалық сумен қамтамасыз ету жүйесіне арналған су сораптары сатылып алынды және Приурал орта мектебінің қазандығына төрт бойлер орнатылды. 2010 жылы жаңа оқу жылының басталуына Бөрлі ауданының алты селолық мектебі (Березов, Успен, Жаңаталап, Приурал, Қызылтал және Бөрлі мектеп- интернаты) КПО атынан сыйға автобустар алды.

Қарашығанақ кен орны айналасында орналасқан сегіз елді мекенді қамтитын консультациялық кеңестер Березов, Успен, Приурал, Жарсуат селолық округтерінде құрылған. Бұл  консультациялық органдар 2005 жылы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес құрылған болатын.

Фотосуреттерді <link>мында көруге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласуды сұраймыз:

Сергей Пушкарев: <link>PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: <link>ShariG@kpo.kz
КПО сыртқы байланыс бөлімі