ҚазРусEng
«2013 Табиғатты Қорғау Шараларының Жоспары» атты тақырыпқа ҚПО қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Орал, Батыс Қазақстан облысы, 2012 жыл 14 қыркүйек – Бүгін Қарашығанақ Петролеум Оперэйтинг Б.В. (ҚПО) Батыс Қазақстан облысының әкімшілік ғимаратында «2013 жылда табиғатты қорғау шараларының жоспары» атты тақырыпқа қоғамдық тыңдаулар өткiздi.

2013 жылға арналған шаралардың жоспары негізгі 10 бөліммен және жұмыстың 38 түрінен тұрады. 

Тыңдауларға аудан маслихаты, Бөрлi ауданының әкiмшiк және кен орын маңында орналасқан ауылшаруашылық аймақтарының депутаттары мен ынталы топтардың мүшелері, сонымен бірге, қоғам, жергілікті халық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қарашығанақ кен орын операторы ретінде жұмыс атқара бастаған, демек 1998 жылдан бастап 2012 жылдың шілде айыны дейн қоршаған ортаны қорғау шараларына ҚПО 32,5 млрд тенге жұмсады.

Бұл туралы компания өкiлдерi презентация барысында айтып кеткен болатын. Сонымен бірге, қоғамның талқылауына мамандардың жүзеге асырған, ластанудың сапалы және санды құрамы бойынша өткізілген есептеулері, және оның қоршаған ортаның негізгі объектілеріне, яғни атмосфералық ауаға, жер қойнауы мен жер асты суына, топырақ, өсiмдiк, флора мен фаунаға көрсететін әсердің дәрежекөрсеткіштері ұсынылды.   

Сонымен бірге, ҚПО-ның атмосфералық ауаны қорғау шараларының сәтті іске асуы, көмiрсутек шикiзат өндіріс барысында пайда болатын, атмосфераны ластайтын зарарлы заттектердің көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

Айта келе, 2006-2011 жылдар аралығынды зарарлы заттектер мен ластану көлемі 51% кеміді; үлестік пайда 65% азайды (1 млн-ға м3 газ өндірісі), ал газды  пайдаға асыру 99.92%-ке дейн жетті.   

Осыдан басқа, 1987 жылы № 427 ұңғымада болған апат нәтижесіндегі 53 га зарар жер аймағы ҚПО көмегімен қайта қалпына келтірілді.  

Бүгінгі уақытта бұл жер аумағы ауылшаруашылық өсімдіктер отырғызуға пайдалы жер деңгейіне дейiн қалпына келтiрілді. Ұңғыма операциялары мен құрылыс жұмыстарының өткiзілу барысында бұзылған 1000 гадан астам жер қайта егілді.

Заманға сай өндірістік және коммуналдық қалдықтарды пайдаға асыра отырып, өңдеу процессін жүзеге асыратын Эко-орталық салынды. Бұл жоба қалдықтардың көлемін азайту және оның қоршаған ортаға көрсететін әсер мөлшерін қысқарту шаралар шеңберінде жүзеге асты.  

Бұл объект екiншi рет өңдеу және қоршаған орта үшін бұрғылама ерiтiндiлерін қауіпсіз  жерлеу амалдары бойынша дүние жүзілік стандарттарға сай келедi.  

Қарашығанақ кен орны мен оның санитарлық-қорғау аймағында (СҚА) 1 миллионнан астам ағаштар мен бұталар, 500 гадан астам жер аймағына отырғызылды.

2013 жылда қоршаған ортаны қорғау шараларын iске асыру үшін пайдаланған жалпы шығын саны 7.1 миллиард теңге құрайды.

ҚПО өкiлдерінің айтуы бойынша су қорын қорғау мен өндіріс қалдықтарын өңдеу және пайдаға асыру, сонымен бірге атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған шаралар ең басты болып табылады.  

Баяндама барысында қатысып отырған қоғам, мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат өкiлдерi 2013 жылда қоршаған ортаны қорғау шаралары бойынша өздеріне қызықты сұрақтарын қоя алды. Сонымен бірге, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін енгізу мүмкіншілігі болды.  Оның бәрі тыңдаулардың тұжырымды хаттамасына енгiзiледi.

Жалпы, 2013 жылдың қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспары халықтың қолдауын алды.

ҚПО-ның қоршаған ортаны қорғау іс-әрекеттері туралы мәлiмет <link http: www.kpo.kz>www.kpo.kz сайтында,  бұқаралық ақпарат құралдар мен жыл сайын басылып шығарылатын және тәуелсіз сарапаттамадан өтетін «ҚПО-ның орнықты даму есебінде» жарияланған.