Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
- /
- Жергілікті халықтың денсаулығына теріс әсерді төмендету
Қоршаған орта мониторингі
КПО өндірістік қызметінің барлық аспектілерін қамтитын қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Осындай бағдарламалардың негізгісі болып Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) бағдарламасы табылады. Бұл бағдарлама ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес және келесі міндеттерді атқару мақсатында әзірленген:
- кәсіпорындардың шығарындылары және өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді ақпарат алу;
- қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерді барынша қысқарту;
- оқыс жағдайларда шұғыл алдын алу шараларын жүргізу;
- кәсіпорынның экологиялық қызметі туралы және халықтың денсаулығына төнетін қауіптер жөнінде мүдделі талаптарға (жергілікті халыққа, мемлекеттік бақылаушы органдарға, серіктес компанияларға) хабарлау.
Аталмыш бағдарлама аясында қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға — яғни шығарындыларды, ағын сулар мен қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыруға, сонымен қатар қоршаған орта компоненттерінің сапасына — атмосфералық ауаға, жер үсті және жер асты суларға, топыраққа бақылау жүргізіледі.
ӨЭБ аясындағы топырақ, жер асты және үсті суларының сапалық күйін бақылау 2021 жылғы анықталған көрсеткіштер шоғырлануы өткен жылдардағы бақылаулар деңгейінде екендігін көрсетті. ҚМГКК қызметінің қоршаған орта компоненттеріне кері әсері анықталмаған.
Ауа сапасын қадағалау аккредиттелген зертхананың сынамалар алуы және талдауы арқылы, сондай-ақ 18 стационарлық автоматты экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС) көмегімен жүргізіледі. 2021 жылы ӨЭБ үдерісі аясында 100 мыңнан астам сынама алынып, 115 мың зертханалық талдамалар және 28 мыңға жуық өлшеулер өткізілді.
Сонымен қатар КПО тұрақты негізде кен орны аумағындағы қалдықтарды орналастыру нысандарындағы қоршаған ортаның жай-күйіне өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді. 2021 жылы Экоорталықтың қатты өнеркәсіптік қалдықтарын көму полигонында, сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау алаңында, сондай-ақ 35А және 35Б чектерде жер асты сулары мен топырақты бақылау нәтижесінде қоршаған орта компоненттеріне тікелей теріс әсер байқалмайды. Қалдықтардың қозғалысын сандық бақылау көму көлемін, сондай-ақ қалдықтардың жиналу көлемі мен уақытын есепке алу мақсатында жүзеге асырылады.
Атмосфералық ауаның сапасын бағалау үшін санитарлық-гигиеналық нормативтер немесе рұқсат етілген шекті шоғырлану (РШШ) талабы қолданылады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін бақыланатын компоненттердің тіркелген шоғырлануын РШШ-мен салыстырып, бөлшектеп көрсетіледі.
Атмосфералық ауадағы ластаушы заттың рұқсат етілген шекті шоғырлануы — қазіргі және болашақ ұрпаққа өмір бойы тікелей немесе жанама еш зиянды әсер етпейтін, адамның еңбекке деген қабілетін төмендетпейтін, оның хал-жағдайын және санитарлық-тұрмыстық өмір салтын нашарлатпайтын шоғырлану.
- Қарашығанақ кен орнының СҚА шекарасындағы атмосфералық ауа сапасын бақылау
- Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау
- Атмосфералық ауа сапасына автоматты экологиялық мониторинг станциялары арқылы бақылау жүргізу
- Тәжірибе үлгісі
Қарашығанақ кен орнының СҚА шекарасындағы атмосфералық ауа сапасын бақылау
ЭМС арқылы үздіксіз ауаны бақылаумен қатар, аккредиттелген мердігерлік зертхана атмосфералық ауа сынамаларын ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 нүктеден (8 румб бойынша) алады. СҚА шекарасында сынамалар бағыттық бекеттерде1 әр күн сайын келесі жиілікпен алынады:
- С, Ш, О, Б сынама алу нүктелерінде — күніне 4 рет;
- СШ, ОШ, ОБ, СБ — күніне 1 рет.
2021 жылы атмосфералық ауаның 44 мың сынамасы алынды, олар ЭМС станцияларымен өлшенетін компоненттердің құрамына талданды: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді. Оған қоса ауа сынамалары метан (СН4) және метилмеркаптанға (СH3SH) талданады.
2021 жылы ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 бақылау бағыттық бекеттерде атмосфералық ауада бақыланатын компоненттердің РШШ-нан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.
2021 жылы СҚА шекарасының атмосфералық ауасында бақыланатын орташа жылдық шоғырланулар төмендегі кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы 8 нүкте бойынша бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.
2021 жылы СҚА шекарасындағы атмосфералық ауада бағыттық бекеттерде тіркелген бақыланатын компоненттер шоғырлануының жылдық орташа мәндері
Бақыланатын компоненттер | Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3 | РШШ м.б., мг/м3 | РШШ артуы |
H2S | 0,001 — 0,002 | 0,008 | Жоқ |
SO2 | 0,003 | 0,5 | Жоқ |
NO2 | 0,025-тен 0,027-ге дейін | 0,2 | Жоқ |
CO | 0,423 — 0,428 | 5,0 | Жоқ |
СH3SH | табылмады | 0,006 | Жоқ |
СН4 | 1,098-ден 1,107-ге дейін | 502 | Жоқ |
1Бағыттық бекет — тасымалданатын жабдықтың көмегі арқылы өткізілетін, тіркелген аймақтарда ауа сынамаларын бақылау кезінде жүйелі түрде алу үшін арналған бекет.
2әсер етудің белгіленген болжамды қауіпсіз деңгейі. Метан үшін РШШ белгіленбеген.
Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау
Кен орнының маңайында орналасқан 6 елді мекенде: Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приурал, Өспен және Ақсай қаласында ауаны бақылаудың тұрақты бекеттері бар. Ауа сынамаларын алу күніне 4 рет (мемлекеттік стандартқа сәйкес 01:00, 07:00, 13:00 және 19:00 уақытында) мердігерлік зертхананың аталмыш ауылдарда тұратын тұрақты қызметкерлерімен жүргізіледі. 2021 жылы аталмыш бекеттерде 52 мың атмосфералық ауа сынамасы алынып, талдаудан өтті.
Алынған сынамалар Ақсай қаласындағы зертханаға жеткізіліп, мемлекеттік стандарт және басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес негізгі бес компоненттің құрамына химиялық тұрғыдан талданады: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді және (СH3SH) метилмеркаптан. Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстарға, атап айтқанда бензол (C6H6), ксилол (C8H10), толуол (C7H8) мезгіл сайын (10 күнде 1 рет) бақылау жүргізіледі.
Ауа сапасын бақылаудың ай сайынғы нәтижелері жергілікті бұқаралық баспа ақпарат құралдарында жарияланады және ақпараттық тақтаға орнатылу үшін ауылдарға таратылады. Газ иісіне байланысты халықтың шағымдары түскен жағдайда тұрақты бекеттерде кезектен тыс сынамалар алынады.
2021 жылы елді мекендер атмосфералық ауасында бақыланатын көрсеткіштердің орташа тәуліктік РШШ асуы тіркелген жоқ.
2021 жылы, Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарынан газ иісіне қатысты 3 шағым түсті. Елді мекендерде жоспардан тыс атмосфералық ауа сынамалары алынды, олардың талдамасының нәтижесі бойынша бақыланатын компоненттер шоғырлануы бекітілген РШШ м.б. көрсеткішінен аспағанын көрсетті. Газ иісіне қатысты әр шағым бойынша шағымданушыларға кері байланыс берілді.
Төмендегі кестеде жеті елді мекендегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2021 жылғы орташа шоғырлануы келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасында бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндері көрсетілген. Елді мекендердегі ауа сапасын бағалау критерийі ретінде РШШ т.о. көрсеткіші қолданылады.
2021 жылғы Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауадағы бақыланатын компоненттер шоғырлануының орташа жылдық мәндері GRI 413-1
Бақыланатын компоненттер | Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3 | РШШ т.о.1, мг/м3 | РШШ т.о.артуы |
H2S | 0,001 — 0,002 | 0,0083 | Жоқ |
SO2 | 0,003 | 0,05 | Жоқ |
NO2 | 0,022-ден 0,025-ке дейін | 0,04 | Жоқ |
CO | 0,428 — 0,432 | 3,0 | Жоқ |
С6Н6 | 0,173-тен 0,188-ге дейін | 0,33 | Жоқ |
С7Н8 | МАШ мәнінен төмен2 | 0,63 | Жоқ |
С8Н10 | МАШ мәнінен төмен2 | 0,23 | Жоқ |
СH3SH | тіркелмеді | 0,0063 | Жоқ |
1РШШ т.о. — елді мекендердің ауасында рұқсат етілген химиялық заттектердің тәуліктік орташа шекті шоғырлануы, мг/м3. Бұл шоғырлану анықталмаған ұзақ уақыт (жылдар) бойы дем алу кезінде адамға тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі тиіс.
2Тіркелген деректер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей: С7Н8 — 0,14 мг/м3; С8Н10 — 0,14 мг/м3.
3РШШ б.м. — Күкіртсутегі және метилмеркаптан үшін РШШ т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ б.м. қолданылады; сондай-ақ РШШ б.м. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды алу және талдау жиілігі — 10 күнде 1 рет.
Атмосфералық ауа сапасына автоматты экологиялық мониторинг станциялары арқылы бақылау жүргізу
ҚМГКК-де және СҚА периметрі бойынша орналасқан 18 автоматты экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС 001 — 018) қоршаған ортаны қорғау бірыңғай автоматты жүйесіне біріктірілген.
18 ЭМС-ның төртеуі кен орнының аумағы мен СҚА шегінде орналасқан. 005 — 018 станциялары ЭМС-ын жаңа санитарлық қорғау аймағы шекарасына тасымалдау жобасына сәйкес жаңа орындарға көшірілді, тасымалдау 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. 2021 жылдың соңына қарай РСЗЗ шекарасында 13 ЭМС орнатылды: 006-018; ЭМС-005 Ақсай қаласының маңындағы учаскеге ауыстырылды.
ЭМС тіркеген бақыланатын компоненттердің 2021 жылғы ҚМГКК СҚА шекарасындағы орташа жылдық шоғырлануы төмендегі кестеде келтірілген. Бұл кестенің «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы әрбір ЭМС-ке бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.
2021 ж. ЭМС тіркелген бақыланатын компоненттер шоғырлануының орташа жылдық мәндері
Бақыланатын компоненттер | Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3 | РШШ м.б1., мг/м3 | РШШ артуы м.б.2 |
H2S | 0-дан 0,001-ге дейін | 0,008 | Жоқ |
SO2 | 0,002-ден 0,005-ге дейін | 0,5 | Жоқ |
NO2 | 0,002-ден 0,006-ға дейін | 0,2 | Жоқ |
CO | 0,1-ден 0,2-ге дейін | 5,0 | Жоқ |
1РШШ м.б. — елді мекендердің атмосфералық ауасындағы химиялық заттектің максималды бір мезгілдік рұқсат етілген шекті шоғырлануы [мг/м3]. Бұл шоғырлану 20-30 минут бойы тыныс алу кезінде адам ағзасында рефлекторлық реакцияны қоздырмауы тиіс (тыныс алудағы іркіліс, көздердің шырышты қабығының, жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі, т.б.).
2СҚА шекарасында ауа сапасының өлшем шарты РШШ м.б. болып табылады. ЭМС РШШ м.б. көрсеткіштен асқан жағдайда белгі беретіндей етіп баспталған.
Барлық ЭМС төрт негізгі ластаушылар (H2S, SO2, NO2, CO) бойынша үздіксіз, яғни тәулігіне 24 сағат бойы өлшеу жүргізеді.
Экологиялық мониторинг станцияларынан 2021 жылы алынған мәлімет бойынша нақты орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа тоқсандық, орташа жылдық бақыланатын компоненттердің шоғырлануы белгіленген санитарлық-гигиеналық нормативтерден аспады. Дегенмен, 2021 жылдың 31 тамызында ЭМС-016 станциясында азғантай уақыт — 20 минут бойы өлшенген күкіртсутегі мөлшерінің РШШ максималды бір мезгілдік артуы тіркелген. ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес (130-баптың 1-тармағының 6-тармақшасы) компания БҚО обойынша экология департаментіне ЭМС-016-де тіркелген артып кету фактісі туралы хабарлама жолдады.
Төмендегі кестеде келтірілген мөлшердің артуы мен КПО өндірістік нысандарының қызметі арасында байланыс табылмағанын айта кеткен жөн. РШШ м.б. артуы тіркелген сәттегі КПО кен орны нысандары қызметінің метеопараметірлерді қоса алғандағы талдауы нәтижесінде барлық өндірістік нысандар әдеттегі тәртіпте жұмыс істегенін, алауда жағу болмағанын, жабдықтарда ауытқулар болмағанын және оқыс жағдайлар тіркелмегенін көрсетті.
2021 жылы ЭМС тіркелген РШШ м.б. мөлшерінің арту жағдайлары
ЭМС № | Бақыланатын компоненттер | 2021 ж. тіркелген нақты максималды бір мезгілдік шоғырланулар, мг/м3 | РШШм.б.,мг/м3 | РШШ м.б.артуының жиілілігі | Арту саны |
ЭМС-016 | H2S | 0,010 | 0,008 | 1,25 | 1 |
Метеорологиялық жағдайлар бойынша асып кетуді тіркеу сәтінде КПО өндірістік қызметі ЭСМ −016 ауданындағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ете алмайтын (ЭСМ −016 станциясынан кен орнына қарай) солтүстік-батыс бағыттағы жел тіркелді. РШШ -дан артып кету тіркелген күні ҚМГКК-мен іргелес елді мекендердің тұрғындарынан газ иісіне шағымдар түскен жоқ.
Ауа сапасын бақылау туралы барлық 18 автоматты ЭМС-нан алынған деректер Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау департаментіне «Экомонитор» порталы арқылы онлайн тәртібінде жіберіледі.
Тәжірибе үлгісі
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: БАҚЫЛАУШЫ ОРГАНДАРҒА АУА САПАСЫ МОНИТОРИНГІ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖІБЕРУДІҢ ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІ | |
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы: | «Экомонитор» порталы — «Казгидромет» РММ Березовка ауылындағы атмосфералық ауа сапасы жағдайы туралы ақпаратты жедел түрде алуы және тұрғындардан шағым тускен жағдайда уақытылы шешім қабылдауы мақсатында «КПО Б.В. ЭМС экологиялық ақпараттық бекетін құру» жобасы аясында 2013 жылы Компаниямен дайындалған атмосфералық ауа сапасы мониторингі мәліметтерін жіберудің онлайн жүйесі. |
Мақсаты: |
|
Келешек әрекеттер: | 2013 жылы КПО «Экомонитор» порталын дайындады. Оның көмегімен Батыс Қазақстан облысының «Казгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесіне Березовка ауылында орналасқан ЭМС-013 және ЭМС-014 екі экологиялық мониторинг станциясынан атмосфералық ауа сапасы мониторингі мәліметтерін онлайн режимде алуға рұқсат берілді.
2018 жылғы маусымда КПО ҚМГКК СҚА және Қарашығанақ кен орны аймағында орнатылған 18 автоматты ЭМС атмосфералық ауа сапасы туралы мәліметтерді Батыс Қазақстан облысының экология бөліміне онлайн жіберуді қамтамасыз етті.
2020 жылы корпоративті географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) дамыту аясында, КПО «Экомонитор» порталын келесі артықшылықтары бар функциялармен жаңартты:
2020 жылдың желтоқсанында КПО мамандары «Экомонитордың» жаңа нұсқасының тұсаукесерін және БҚО Экология департаментінің қызметкерлеріне арналған порталмен жұмыс бойынша оқыту тренингін өткізді. Сондай-ақ, сәйкестендіру деректерін жүйенің белгіленген жауапты пайдаланушыларына беру жүзеге асырылды. |
Нәтижесі: | Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік реттеуші органдары нақты уақыт режимінде Компанияның экологиялық мониторингінің автоматты станцияларынан атмосфералық ауаның жай-күйі туралы мәліметтерге қол жеткізді.
Мониторингтік мәліметтерді мемлекеттік органдарға онлайн режимінде беру жүйесі Компанияның өзінің еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық міндеттемелерін орындауына ықпал етеді, оның ішінде:
Автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу қажеттілігі жазылған Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің талаптарын ескере отырып, КПО-ның ҚМГКК әсер ету аймағында атмосфералық ауа сапасына бақылау жүйесін құру және оны әрі қарай деректерді мемлекеттік бақылаушы органдарға беру туралы шешімі өз уақытынан озып қабылданғанын көрсетіп отыр. |