Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Биотүрлілікті сақтау
- /
- ҚАТЖ бойындағы флора мен фаунаның фондық зерттеулері
ҚАТЖ бойындағы флора мен фаунаның фондық зерттеулері GRI 304-2
Мақсаты - ҚАТЖ бойындағы өсімдіктер фондық жағдайын және жануарлар әлемінің түр алуандығын зерттеу, флораның басым (негізгі) түрлерін анықтау және олардың жағдайын зерттеу, флора мен фаунаның индикаторлық түрлері мен экожүйеге ықпал ету факторларын анықтау.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының шекарасындағы ҚАТЖ құбыржолы тым ұзын болғандықтан, КПО аймақтар бойынша фондық зерттеулерді кезең-кезеңмен жүргізуді ұйғарды.
Флора мониторингі
2023 жылы КПО алғаш рет ҚАТЖ-ның Батыс Қазақстан облысында орналасқан бөлігі бойындағы өсімдіктер жай-күйіне фондық зерттеулер жүргізді.
Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ҚАТЖ құбыры бойындағы флора мен өсімдіктер фондық жағдайы 2023 жылғы жаздың бас жағында әртүрлі жерде зерттелді, атап айтқанда:
- су объектілері өткелдерінің жанындағы нүктелер;
- экожүйелер бойынша нүктелер;
- Өндірістік экологиялық бақылау аясында мониторинг станцияларының жанындағы нүктелер;
Жалпы 57 нүкте тексерілді. Нүктелерден ластаушы заттардың құрамын анықтау үшін өсімдік үлгілері алынды. ҚАТЖ құбыры бойындағы экожүйе фондық жағдайын бағалау үшін фауна биотүрлілігі зерттелді.
Зерттеу барысында 64 тұқымдастың 202 тұқымынан жоғары сатыдағы өсімдіктердің 326 түрі тіркелді.
Тұқымдар мен түрлердің ара қатынасы бойынша келесі тұқымдастар басым болды:
- Asteraceae (Күрделігүлділер) – 31 тұқымы (15,3%), 58 түрі (17,8%),
- Poaceae (Қоңырбастар, дәнді) – 25 тұқымы (12,4%), 38 түрі (11,7%),
- Brassicaceae (Кіресгүлділер) –14 тұқымы (6,9%), 15 түрі (4,6%),
- Fabaceae (Бұршақ) – 11 тұқымы (5,4%), 19 түрі (5,8%),
- Rosaceae (Раушангүлділер) – 11 тұқымы (5,4%), 17 түрі (5,2%),
- Lamiaceae (Тауқалақайгүлділер) – 11 тұқымы (5,4%), 14 түрі (4,3%).
Далада өсімдіктерді зерттеу барысында көпжылдық шөптер басым болды (201 түрі), екінші орында біржылдық шөптер (67 түрі), содан соң көптеп бұталар (20 түрі) кездесті. Екі жылдық бұталар саны сәл аздау болды (19 түрі). 10 терек түрі, шала бұталар мен жартылай бұташықтардың 4 түрі және бұташықтың 1 түрі кездесті.
2023 жылы БҚО шегіндегі ҚАТЖ бойында фондық зерттеулер жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және жойылып бара жатқан түрлер тізіміне енгізілген флораның бес түрі тіркелді: Анджевскийдің қалампыргүлі (Dianthus andrzejowski), Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana), Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii), Фишер құссүттігені (Ornithogalum fischeranum), Ақ тұңғиық (Nymphaea alba).
2024 жылы КПО алғаш рет ҚАТЖ-ның Атырау облысында орналасқан бөлігі бойындағы өсімдіктер жай-күйіне фондық зерттеулер жүргізді.
Атырау облысы аумағындағы ҚАТЖ құбыры бойындағы флора мен өсімдіктер фондық жағдайы 2024 жылғы көктем мезгілінде әртүрлі жерде зерттелді, атап айтқанда:
• су объектілері өткелдерінің жанындағы нүктелер;
• экожүйелер нүктелерінде;
• Өндірістік экологиялық бақылау аясында мониторинг станцияларының жанындағы нүктелер;
Жалпы 36 нүкте тексерілді. Нүктелерден ластаушы заттардың құрамын анықтау үшін өсімдік үлгілері алынды.
Зерттеу барысында 62 тұқымға жататын өсімдіктердің 85 түрі тіркелді.
Далада өсімдіктерді зерттеу барысында келесілері басым болды; біржылдық шөптер - 52 %, екінші орында көпжылдық шөптер - 40 %, содан соң көптеп бұталар - 3 %, жартылай бұташықтар - 3 %, шала бұталар - 1 %, ағаштар - 1 %.
2024 жылы Атырау облысы шегіндегі ҚАТЖ бойында фондық зерттеулер жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және жойылып бара жатқан түрлер тізіміне енгізілген флораның бір түрі тіркелді: Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii).
Барлық бұл негізгі түрлер жергілікті флораға жатады. Олардың қауіпсіздігі табиғи далалық және жағалаулық экожүйелердің тұтастығына байланысты.
Болашақта ҚАТЖ құбыржолы бойында флора мен өсімдіктер мониторингі барысында КПО және басқа жер пайдаланушылар қызметінің экожүйеге ықпал ету дәрежесін анықтауға көмектесетін экожүйелердің ең сезімтал құрамдас бөлігі ретінде осы түрлердің популяциясына ерекше назар аудару қажет, бұл аймақтағы биотүрлілікті қорғау және арттыру бойынша барлық мүдделі тараптардың іс-әрекеттерін одан әрі үйлестіруге көмектеседі.