ҚазРусEng

Тұрақты даму

ҚМГКК флора мен фауна мониторингі GRI 304-2

 

Мониторинг мақсаты - осы аумақта биотүрлілікті сақтау мақсатында Компанияның қызметін түзету үшін түрлер құрамы мен әртүрлілігін зерттеп, ҚМГКК қызметіне байланысты қандай да бір елеулі өзгерістердің болуын анықтау.

 

Жылдар бойы салыстырмалы аспектіде түрлердің санын зерттеу және талдау барысында ҚМГКК-ның өндірістік қызметінен кен орнының аумағын мекендейтін жануарлардың тіршілік әрекетіне қандай да бір айқын теріс әсері байқалмаған. Керісінше, ауылшаруашылық қызметінің жүргізілмеуі, аумақты жалпы қорғау және адамдардың алаңдаушылық факторының толық болмауы нәтижесінде кен орнында жергілікті фаунаның өмір сүру процестеріне қолайлы жағдайлар жасалған.

 

Флора мониторингі

Бақыланатын алаңдардың флорасы 31 тұқымдастың 95 тұқымынан жоғары сатыдағы өсімдіктердің 133 түрімен берілген, бұл бүкіл ҚМГКК СҚА аумағы үшін белгіленген флораның 35.9% -. құрайды. Ең көп таралған тұқымдастар: Asteraceae, Poaceae, Brassicaceae, Fabaceae. Бұл тұқымдастарда тұқымдар саны өте көп.  Түрлердің тіршілік формаларын талдау көпжылдық шөптер басым екенін көрсетті – 82 түр (62,6%).

 

Зерттеу аумағында Қазақстан Республикасының  Қызыл кітабына  және құрып кету қаупі төнген түрлер тізбесіне енгізілген бес (5) түр тіркелген: Анджевскийдің қалампыргүлі (Dianthus andrzejowski), Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii), Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana), Көктемдік жанаргүл (Adonis vernalis), Фишер құссүттігені (Ornithogalum fischeranum). Олардың ішіндегі ең көп кездесетін үш Қызыл кітапқа тіркелген түрлер: Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana), Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii), Фишер құссүттіген (Ornithogalum fischerianum).

 

Қарашығанақ кен орны аумағының басым бөлігі фондың түрлілікпен салыстырғанда, әртүрлі дәрежеде экологиялық-ресурстық әлеуеті мен биологиялық әртүрлілігін жоғалтқан өсімдіктердің антропогендік өзгертулерімен қамтылған.  Ең көп бұзылған қауымдастықтар кен орнының инфрақұрылымдық объектілерінің радиусында және жолдардың шетінде жиі кездеседі. Қауымдастықтардың антропогендік өзгертулері жусан түрлерінің көптігімен (Artemisia austriaca, A. lerchiana), сонымен қатар қалталы және құмды ебелек (Ceratocarpus utriculosus, Allisum desertorum, Tanacetum millifolium) сияқты арамшөптердің болуымен анықталады. Зерттелетін аумақтың көп бөлігінде өсімдіктерге теріс әсерлер таптау, көліктердің өтуі, құрылыс және басқа жұмыстар сияқты механикалық зақымданудан туындайды. Уақыт өте келе, көптеген бақыланатын жерлерде, тыңайған жерлерде зақымдалған өсімдіктер біртіндеп қалпына келеді. 2013, 2016, 2019 және 2022 жылдардағы зерттеу нәтижелерін салыстыру жұмыс жүргізілмеген жерде өсімдіктердің табиғи қалпына келуі бар екенін көрсетеді. Жалпы Қарашығанақ кен орнындағы өсімдіктердің жай-күйін қанағаттанарлық деп сипаттауға болады, КПО компаниясы қызметімен байланысты өсімдік жамылғысында қандай да бір қайтымсыз бұзушылықтар анықталған жоқ. 

 

Фауна мониторингі

ҚМГКК аумағының фауналық кешені батыс дала зоогеографиялық учаскесіне жатады және айқын дала сипатына ие.

 

Әдеби дереккөздерге сүйенсек, ҚМГКК аумағында жануарлардың ықтимал әртүрлілігі жерүсті омыртқалыларының 122 түрін құрайды, оның ішінде қосмекенділер - 8 түрі, бауырымен жорғалаушылар - 13, сүтқоректілер - 56 және құстардың – 200-ден астам түрі бар.

 

Биортүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарына сәйкес Қарашығанақ кен орнындағы фауна мониторингінің кезекті кезеңі 2024 жылдың көктем және күз кезеңдерінде өткізілді. Белсенділіктің маусымдық өзгерістерін ескере отырып, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар санының деңгейі тұрақты деңгейде, түрлік құрамның өзгерістері анықталған жоқ.

 

 

 

2021 жылмен салыстырғанда сүтқоректілердің түрлік құрамында, фауналық қауымдастықты құрайтын түрлердің саны мен арақатынасында айтарлықтай өзгерістер анықталған жоқ. 2024 жылдың көктеміне тән ерекшелік - 2021 жылмен салыстырғанда зерттелген маршруттардың көпшілігінде тіркелген қабандардың мекендеу белгілерінің көбеюі. 2024 жылдың күзіндегі фауналық кешен жағдайының ерекшелігі 2021 жылмен салыстырғанда сібір елігінің визуалды бақылауларының көптігі болды.

 

Қарастырылып отырған аумақтағы жануарлар әлемінің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады (зооценоздың трофикалық топтарының арақатынасының өзгеруі зоофагтардың немесе сапрофагтардың 5% - ға азаюымен көрінеді; антропогендік әсер экожүйенің тұрақтылығының төменгі деңгейінде белгіленеді).

 

 

 

Жануарлар әлемінің (жерүсті омыртқалы жануарлардың) жай-күйіне мониторинг жүргізу нәтижелері, 2024 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдерінде жүргізілген фауна өкілдерінің саны мен түр алуандық деңгейін талдау зерттелген аумақтың фауналық кешеніне ҚМГКК өнеркәсіптік объектілері тарапынан теріс әсерін анықтаған жоқ.

 

ҚМГКК-да қорғау режимі кәсіпорын қызметтері орындалмайтын жерлерде фаунаның дамуына қолайлы жағдай туғызып отыр. Өндірістік объектілердің қызметі көптеген жануарлар үшін алаңдаушылық факторы болып табылады.  Бұл ретте объектілердің аумақтары жансыз болып есептелмейді. Кен орнының өзінде көмірсутектер өндіруге байланысты өндіріс үлкен аумаққа бөлінген нүктелік және желілік объектілерден тұрады, олардың арасында фауна өкілдері мекендеу үшін қолайлы аралшықтар сақталады.

 

Қазіргі уақытта ҚМГКК аумағында және іргелес аумақтарда қорыққа ұқсас бірқатар белгілер бойынша жағдайлар жасалған: мал жаю, шөп шабу және аң аулау жүргізілмейді, көлік қозғалысы реттелген, адамдардың тұрақты тұратын кенттері жоқ. Әр түрлі биотоптарды қамтитын едәуір үлкен алаң ведомстволық қорғауда.

 

Ихтиофауна мониторингі

Гидробиологиялық зерттеулерге сәйкес, зерттелген аймақтағы ихтиофаунаның түрлік байлығы 3 отрядқа жататын үш тұқымдастың 10-ға жуық балық түрін құрайды. Мөңке, орта және алабұға сияқты түрлер ең жиі кездеседі. Тіркелген барлық түрлер Қазақстанның ішкі су тоғандарында кең таралған (Қазақстан балығы, 1987-89 жж).

 


2024 жылы екінші рет ҚМГКК аумағында және оған іргелес жатқан аумақта (Березовка өзені және Қоншыбай жырасы) химиялық талдауға су ағзаларының (балықтар мен ұлулар) тіндерінің сынамаларын және түбіндегі шөгінділерді іріктеп, бақылаудың таңдалған аймақтарында ихтиофаунаға және оның азық қорына мониторинг жүргізілді.

 

Гидробиологиялық зерттеулерге сәйкес, зерттелген аймақтағы ихтиофаунаның түрлік байлығы 3 отрядқа жататын үш тұқымдастың 8-ға жуық балық түрін құрайды.

 

2018 жылмен салыстырғанда 2024 жылғы ихтиофаунаның түр құрамы сол деңгейде қалды.

 

Этномофаунаға мониторинг алғаш рет 2020 жылы жүргізілді.

Жүргізілген энтомологиялық зерттеулер барысында ҚМГКК-нің 20 мониторингтік алаңдарында 2 классқа, 14 отрядқа, 103 тұқымдасқа және 290 туыстасқа жататын жәндіктер мен өрмекшітәрізділердің 349 түрі немесе кіші түрлері анықталды.

Этномофаунаның түрлік әртүрлілігі төмендегі сызбада берілген.

ҚМГКК аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жәндіктердің үш түрі табылды (2006 ж.).

Әміршіл-инелік
(Anax imperator Leach)
Қысқа қанатты Боливария
(Bolivaria brachyptera Pall.)
Далалық сколия
(Scolia hirta)

«Қазақстанның қызыл кітабына» кірмейтін бір түр-желкенді көбелегі Iphiclides podalirius L., саны қысқарып жатқан түр ретінде сипатталады.