Uralsk Green Forum шарасы ЕХРО-2017 қарсаңында жасыл экономика тұжырымдамасын дамыту аясында экология мен энергия сақтаудың өзекті маселелерін талқылауды және қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы заманауи әдістер мен шешімдерді қарастыруды көздейді. Форум бүкіл әлем бойынша 5 маусымда аталып өтетін дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне ұштастырылған Uralsk Green Forum негізгі мақсаттары:
- мұнай-газ өнеркәсібіндегі қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу мәселелерін B2B және B2B форматында шешу үшін коммуникациялық және ақпараттық-іскерлік тиімді алаң құру;
- жасыл экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы келешек әріптестік үшін тиісті алаң құру және тәжірибе алмасу;
- мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық бетбұрыстың қарқынды дамуына қолдау көрсету;
- энергия үнемдеу және қуат тиімділігі технологияларын енгізуге кедергі болып тұрған факторларды анықтау және оларды шешудің жолдарын іздеу;
- өз тауарлары мен қызметтерін қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологиялар және қалдықтарды өңдеу саласында көрсететін қазақстандық тауар өндірушілерін және шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау;
Орал қаласының мәртебесін табиғат қорларын пайдаланушы компаниялардың, жоғары санатты мемлекеттік билік органдарының, мамандандырылған қауымдастықтар өкілдерінің, сарапшы экологтардың кездесетін негізге орны ретінде белгілеу арқылы көтеру.