ҚазРусEng
Таңдаулы материал мұрағаттар
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2021» конкурсының гран-при жүлдесін алғашқы рет КПО иеленді

НҰР-СҰЛТАН, Қазақстан Республикасы, 2021 жылғы 7 желтоқсан — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы алғашқы рет бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2021» конкурсының гран-при жүлдесіне ие болды.

Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан КПО бас директоры Джанкарло Руюді конкурстың гран-при жүлдесімен марапаттады.

«Парыз» сыйлығының бас жүлдесін жеңіп алу — біз үшін үлкен мәртебе«, — деді КПО бас директоры Джанкарло Рую марапатты қабылдау кезінде. «Бұл жүлде — компаниямыздың барша ұжымының және Қарашығанақ жобасы бойынша серіктес компаниялардың жетістіктерін және КПО компаниясының Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтік салаларына тигізетін оң ықпалын бағалау».

«Бұл жүлде бізге үлкен жауапкершілік жүктейді және әрі қарай қызмет етуге ынталандырады. Біз тұрақты даму жөніндегі міндеттерді ескере отырып, барлық қазақстандықтардың мүддесі үшін Қарашығанақты игерудің ел үшін барынша ұтымды болуын қамтамасыз ету болып табылатын ортақ мақсатымызды негізге ала отырып, республиканың уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырамыз».

Биылғы жылы КПО байқауға бірден үш номинация бойынша қатысты: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Бұл КПО жеңіп алған жалғыз «Парыз» марапаты емес. Компания 2008 және 2009 жылдары әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін аталмыш сыйлықпен марапатталып еді. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында КПО компаниясына «Алтын Парыз» жүлдесін табыстаған. 2013 жылы КПО компаниясы Орал қаласында 1200 орындық мектеп салғаны үшін «Күміс Парыз» марапатына ие болған.

«Парыз» сыйлығы — Республиканың ең атаулы марапаттарының бірі. Бұл сыйлық компанияларға халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік бастамаларды белсенді қолдауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға және өз қызметкерлеріне еңбек ету үшін ең жақсы жағдай туғызуға қосқан үлесі үшін беріледі. Конкурстың басты жүлдесі корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік саласында неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі