ҚазРусEng
Таңдаулы материал мұрағаттар
КПО ESG саласындағы ақпаратты жариялау бойынша ҮЗДІК 10 компания қатарына кірді

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 25 желтоқсан 2023 ж. «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «PwC Қазақстан» ұжымы 2022 жылғы есептер негізінде құрастырған ESG саласындағы ақпаратты жариялау бойынша 50 үздік компания рейтингінің төртінші шығарылымында үздіктер қатарына қосылды.

 

КПО «ESG саласындағы ақпаратты жариялау бойынша озық тәжірибе» және «Экологиялық ақпаратты жариялау бойынша озық тәжірибе» номинацияларында жеңімпаз атанды.

 

Жалпы рейтингке Қазақстанда жұмыс істейтін 96 компания қатысты.

 

КПО Тұрақты даму туралы есебі — қызметтің негізгі нәтижелері туралы ақпарат бөлісумен шектелмей, компанияның қоршаған орта, әлеуметтік-экономикалық даму және корпоративтік басқару әдістерін жетілдіру мәселелеріне басымдық беретін тұрақты даму міндеттемелерін орындайтынын көрсететін стратегиялық коммуникация құралдарының бірі.

 

2022 жылғы КПО Тұрақты даму туралы есебі мен ол туралы бейнематериал келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: ТДЕ 2022, ТДЕ туралы бейне.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі•