ОРАЛ ҚАЛАСЫ, Батыс Қазақстан облысы, 2021 жылғы 13 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек және Шыңғырлау ауылдарындағы екі маңызды әлеуметтік нысанның — дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысын сәтті аяқтағанын хабарлады.
Салтанатты ашылу рәсіміне БҚО әкімі Ғали Есқалиев, КПО компаниясының басшылығы, мердігерлік ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысының жалпы құны 2,7 миллион АҚШ долларын құрады. Нысандардың құрылысы КПО компаниясының «Аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы» аясында жүзеге асырылды.
БҚО әкімі Ғали Есқалиев атап өткендей, бұл әлеуметтік-инвестициялық жоба мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру, бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту, елдегі спорт нысандарының санын арттыру және оларды тиімді пайдалану шеңберінде іске асырылды.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты екі қабаттан тұрады. Кешендердің жалпы аудандары 1 275 және 2 534 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабаттарда спорттық ойындармен айналысуға арналған залдар бар. Ал екінші қабатта күрес залы мен трибуналар орналасқан. Барлық залдар стандарттардың заманауи талаптарына сәйкес келетін жабдықтармен және спорт құралдарымен жабдықталған.
Шыңғырлау ауылының тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде КПО команиясының Қазақстандағы бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Ержан Әбілханов кезекті әлеуметтік нысандардың сәтті іске қосылуы — КПО компаниясының Батыс Қазақстан облысын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларына адалдығының тағы бір айқын дәлелі.
Шыңғырлау ауылында ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешені — мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес КПО компаниясымен салынған алтыншы кешен. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылға арналған Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтыру мәдениетінің маңыздылығын атап өткені барша қазақстандықтарға мәлім. Әрбір облыста, ірі аудан орталықтарында балалар спорт секцияларын ашу тапсырылды. Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ашылуының өзіндік ерекше мәні бар. Енді мұнда жас спортшылар жаттығып, болашақта ең беделді спорттық жарыстардың жеңімпаздарының бірі болатынына сенемін", — деді Ержан Әбілханов.
КПО корпоративтік байланыстар бөлімі