ҚазРусEng
2021 жылғы IV тоқсандағы жоспардан тыс экологиялық тексеру нәтижелері туралы

Белгіленген мемлекеттік есептілікке сәйкес, 2021 жылдың IV тоқсанында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы алау қондырғыларында 48,4 тонна көлемінде нормативтен тыс шығарындыларды тіркеді. Компания бұл жайында Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментіне уақтылы хабарлап, эмиссиялар үшін салық төлемдерін өз еркімен төледі.

 

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» РММ 2023 жылғы қыркүйек айында өткізген жоспардан тыс экологиялық тексеру нәтижелері бойынша Компания ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу» 328-бабының 1-бөлігі бойынша, болжамды бұзушылық үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Айыппұл мөлшері 164 366 170 (бір жүз алпыс төрт миллион үш жүз алпыс алты мың бір жүз жетпіс) теңгені құрады.

 

Компания тиімді жану және бу айдау жүйесін жоғары деңгейде сақтау мақсатында бірқатар техникалық шара қабылдауы жалғастыруда..

 

Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 181-бабының 3-тармағы негізінде жарияланған.

 

КПО БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі