ҚазРусEng
КПО бірқатар ірі әлеуметтік жобаларды аяқтады

Орал, Батыс Қазақстан облысы, 2023 жылғы 29 желтоқсан — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) Батыс Қазақстан облысында бірнеше маңызды әлеуметтік жобалардың сәтті аяқталғаны туралы жариялады.

 

БҚО әкімдігімен бірлесіп іске асырылатын ауыл тұрғындарын заманауи білім беру мекемелерімен қамту бойынша жүйелі жоба шеңберінде КПО Теректі ауданы Магистральное ауылында, Ақжайық ауданы Атамекен және Жайық ауылдарында, Бәйтерек ауданы Өркен және Садовое ауылдарында, Жәнібек ауданы Ақоба ауылында, Ханкөл ауылында және Қаратөбе ауданы Соналы ауылында кезекті сегіз жаңа мектептің құрылысын аяқтады.

 

Мектептердің салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының (БҚО) әкімі Нариман Төреғалиев, КПО мен мердігер ұйымдардың өкілдері және аудандар жұртшылығы қатысты.

 

Бұған дейін КПО бас директоры Джанкарло Рую атап өткендей, облыс аудандарында балаларға сапалы білім беруге, апатты жағдайдағы мектептерді және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған заманауи мектептердің құрылысын ерекше қанағат сезімімен аяқтаймыз.

 

«Облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу КПО-ның әлеуметтік жауапкершілігінің айқын мысалы болып табылады. КПО мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы жемісті ынтымақтастық Қарашығанақтың әлеуетін облыс тұрғындарының игілігі үшін тиімді пайдалануға септігін тигізеді», — деп айтты.

 

Жаңа мектептер барлық заманауи талаптарға сай келеді және білім алуға барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Мектептер барлық қажетті құрал-жабдықтармен және оқу кабинеттерімен, соның ішінде акт залы, жеке душ және дәретханасы бар спорт залы, оқу кабинеттері, қазіргі заманға сай асхана және әкімшілік бөлмелермен толық жабдықталған. Мектептер заманауи оқу құрал-жабдықтарымен толық жабдықталған және толық аяқталған күйде тапсырылады.

 

Облыстың әлеуметтік даму басымдықтарына сәйкес ағымдағы жылы 24 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде облыс аудандарындағы 15 мектеп, дене шынықтыру және сауықтыру кешендері (ДСК) және басқалары. Бұл ретте, бүгінгі күні 18 жоба іске асырылды, оның ішінде облыс аудандарындағы 13 мектеп, 2 ДСК, «Хан Ордасы» визит-орталығы, Шолохов көшесіндегі Орал қаласының негізгі көлік артериясын жөндеу, сондай-ақ Ақсай қаласының орталық аудандық ауруханасына медициналық жабдықтарды жеткізу.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі