«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) «Мұнай мен газ өндіру операторы» мамандығына кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша оқуға тағылымгерлерді қабылдайтынын хабарлайды.
БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ
Кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша оқу Ақсай қаласында өтеді. Бағдарлама мерзімі 10 айдан астам және оқу аптасына 6 күн болады. Кәсіби даму бағдарламасын өту кезінде тағылымгерлерге ай сайын шәкіртақы төленеді.
Бағдарламаны сәтті аяқтаған тағылымгерлерге сертификат беріледі және оларды КПО компаниясына жұмысқа алу қарастырылады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Жоғары немесе орта техникалық білім («Мұнайгаз ісі», «Мұнай мен газ кен орындарын игеру», «Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану», «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы», «Газбен қамту жүйесі мен жабдықтарын монтаждау және пайдалану», «Мұнай инженериясы», «Геология», «Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау мамандықтары» бойынша);
- Батыс Қазақстан облысында кем дегенде 12 ай тіркелген;
- Қазақстан Республикасының азаматы;
- Бағдарлама мақсаты мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ ЖОО мен колледж түлектерін дамыту және жұмысқа орналастыру болғандықтан үміткердің жасы 32-ден аспаған болуы керек;
- Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін КПО-да оқуға және жұмыс жасауға дайын болу.
Іріктеу кезеңіне қатысу үшін үміткерлер келесілерді тапсыру қажет:
- Түйіндеме (қолданыстағы электронды мекенжайы мен ұялы телефон нөмірі көрсетілген);
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- БҚО-да тіркелгенін растайтын e-gov порталынан алынған cкриншот (Аты-жөні және тіркелген күні көрсетілген);
- Дипломның және оның қосымшасының көшірмесі.
ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ мен ФОРМАСЫ
- Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды 05/08/2024 мен 23/08/2024 аралығында kpograduates@kpo.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет.
- Барлық құжаттарды БІР электрондық хатпен, яғни бір файлмен/пакетпен жолдау қажет.
- Хаттың тақырыбында «Мұнай мен газ өндіру операторы» деп бағдарлама бағыты көрсетілу тиіс.
СЫНАҚ және ІРІКТЕУ
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін үміткерлер бірнеше кезеңнен (тесттер) және сұхбаттан тұратын кешенді іріктеуден өтеді.
Барлық құжаттар жиынтығын тапсырған және жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай келетін алғашқы 225 үміткер тестілеуге және кейінгі сұхбатқа шақырылады.
Тест тапсыратын және сұхбат өтетін күндер әр үміткерге жеке хабарланатын болады. Түйіндемеде көрсетілген электрондық поштаға тесттің өту күні, уақыты мен орны туралы ақпарат көрсетілген тестке қатысуға шақыру жіберіледі.
Бағдарлама бойынша оқуға 25 тағылымгерге дейін іріктеліп алынады.
Іріктеуге қатысуға өтініштер көрсетілген құжаттардың толық жиынтығы ұсынылса ғана қарастырылады.