ҚазРусEng
КПО БҚО-да жаңа мектептің құрылысын аяқтады

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2024 жылғы 1 қыркүйек — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Саралжын ауылында 60 орындық жаңа мектептің құрылысы сәтті аяқталғанын қуана хабарлайды. Апатты жағдайдағы мектептерді жою және облыстағы үш ауысымды мектептер мәселесін шешу бағдарламасы аясында Компания облыс аймақтарында 13 мектеп салды.

 

Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев, КПО және мердігер-құрылысшы компания өкілдері, сонымен қатар жергілікті тұрғындар қатысты.

 

Жаңа мектеп заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, оның ішінде оқу кабинеттері мен мультимедиялық кабинеттер, спорт залы, оқу залы бар кітапхана, сонымен қатар балалардың оқуы мен дамуына қолайлы жағдай туғызатын басқа да қажетті орынжайлар бар.

 

КПО өкілдері жергілікті тұрғындарды осы тамаша оқиғамен құттықтап, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі