ҚазРусEng
КПО Қарашығанақты кеңейту жобасының бірінші кезеңінің нысандарының ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлайды (ҚКЖ-1А)

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2024 жылғы 6 қыркүйек — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) Қарашығанақты кеңейту жобасының бірінші кезеңінің (ҚКЖ-1А) нысандарының ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл ҚКЖ-1А жобасы ҚМГКК газ факторын басқару және сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін ұстап тұру мақсатында КПО сәтті жүзеге асырған ірі жобалардың бірі. Жаңа бесінші газды кері айдау компрессорын салуды қамтыған ҚКЖ-1А жобасын сәтті іске асыру Қарашығанақ тарихындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіріп, КПО әлемдік деңгейдегі күрделі жобаларды жүзеге асыра алатынын көрсетті.

 

Іске қосу салтанатты іс-шарасына Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиев, Энергетика вице-министрі Ә. Жамауов, «Қазмұнайгаз» АҚ басқармасының төраға орынбасары Р. Балыкбаев, «PSA» бас директоры Б. Избастин, сондай-ақ Қарашығанақ жобасы бойынша серіктес компаниялардың өкілдері қатысты.

 

Сапар барысында делегация жаңадан іске қосылған объектілер жұмысымен танысып, жоба аясында іске асырылған технологиялық инновациялар туралы ақпарат алды.

 

«ҚКЖ-1А — оны жүзеге асыру үшін аянбай еңбек еткен әріптестеріміздің қарқынды жұмысының нәтижесі. Бұл жетістікке Қазақстан Республикасы Үкіметі және серіктес компанияларымыз арасындағы тығыз ынтымақтастық арқасында жеттік. Олардың ҚКЖ-1А жобасын қауіпсіз, тиімді және ортақ мақсаттарымызға сай іске асыру барысында көрсеткен үздіксіз қолдауы біз үшін өте маңызды болды», — деді КПО бас директоры Марко Марсили.

 

Келген қонақтар КПО жұмысын оң бағалап, компания ұжымына Қарашығанақ кен орнын одан әрі игеруде іске сәттілік тіледі.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі

 


БАҚ редакторларына арналған ескертпе:

 

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.

 

КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игеруді және дамытуды басқарып келеді.