ҚазРусEng
КПО компаниясы БҚО-да жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтады

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 2024 жылғы 16 қыркүйек — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) БҚО, Казталов ауданы, Казталовка ауылында 320 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілгені туралы қуана хабарлайды.

 

Кешенді салтанатты ашу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиев, КПО бас директорының орынбасары М. Манкеев, сондай-ақ жұртшылық өкілдері қатысты. Шара барысында қонақтар кешеннің өңір үшін маңыздылығы туралы айтып, оның спорттық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосатынын және халықтың салауатты өмір салтын ұстануына жасалған жағдайды жақсартуға септігін тигізетінін атап өтті.

 

Жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешені екі қабаттан тұрады. Әр қабат заманауи спорттық жабдықтармен жабдықталған, сондықтан кешенде көптеген спорттық шаралар мен жаттығулар өткізу мүмкіндігі бар. Кешен ғимаратында күрес, бокс және гимнастикаға арналған арнайы залдар, баскетбол, волейбол және басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізуге арналған әмбебап спорт залы, сондай-ақ әкімшілік бөлмелер бар. Кешен заманауи стандарттарға сай және кешенде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалған.

 

КПО жергілікті билікпен бірлесіп, жыл сайын түрлі инфрақұрылымдық бастамаларды іске асырып жүр, осылайша Компания Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік жобаларға белсенді қолдау көрсетуін жалғастырып келеді. Қарашығанақ кен орны игеру басталғалы Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға КПО компаниясы бөлген қаражаттың жалпы сомасы 800 млн АҚШ долларынан асты.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі