- Басты бет
- /
- Жергілікті қамту
- /
- Пайдалы ақпарат

Тендерге қатысушыларға арналған ұсынымдар
Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік сатып алу тәжірибесінде карантин кезінде сатып алуды жеңілдету және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында - конкурстық ұсыныс тең болған жағдайда аумақтық жергілікті компаниялар болып табылатын қатысушыларға артықшылық беру ережесі қолданылады. БҚО компаниялары КПО сатып алуларында осындай артықшылықтарға ие ма?
КПО мемлекет тарапынан қазақстандық өндірушілерді қолдау туралы сұранысты орындайды, атап айтқанда: (а) қазақстандық өндірушілерге артықшылық беру және (б) мүмкіндігінше конкурстан тыс негізде (конкурстық сауда-саттық өткізбей) сатып алу. Аумақтық басымдықтарды қолдану КПО тәжірибесінде шартталмаған және қолданылмайды.
Дағдарыстан кейін КПО келісімшарттық стратегиясы өзгерді ме? Егер өзгерсе, қандай өзгерістер орын алды?
КПО мемлекет тарапынан қазақстандық өндірушілерді қолдау туралы сұранысты орындайды, атап айтқанда: (а) қазақстандық өндірушілерге артықшылық беру және (б) мүмкіндігінше конкурстан тыс негізде (конкурстық сауда-саттық өткізбей) сатып алу
Дағдарыс шетелдік және қазақстандық компаниялардың таңдауына әсер етті ме? Шетелдік компаниялар қазақстандық компанияларға ауыстырыла ма?
Қазақстандық қатысушылардың саны жеткілікті болған жағдайда, КПО тек қазақстандық компанияларды тендерге қатысуға шақырады.
Елде технологияларды оқшаулау және енгізу мақсатында жеткізуші/өндіруші ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу үшін халықаралық компаниямен консорциум құра ала ма?
Әрине, иә, КПО мұндай мүмкіндікті қолдайды. Бұл халықаралық ноу-хау мен технологияны жергілікті инвестициялармен біріктірудің және жергілікті жеткізушілерді/өндірушілерді күрделі қызмет түрлеріне тартудың жақсы тәсілі.
Жеткізілетін тауарларда пайыздық қатынаста жергілікті қамту бойынша нысаналы көрсеткіш бар ма? Тендерге қатысу үшін жергілікті қамтудың мин/макс деңгейі қандай?
КПО-да жергілікті қамтудың міндетті нысаналы көрсеткіші % - бен белгіленбеген; % КПО сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санаттарына байланысты және 0% - дан 100% - ға дейін өзгеруі мүмкін.
КПО жергілікті жабдық өндірушілер үшін конкурстан тыс негізде сатып алу қағидатын енгізуді жоспарлап отыр ма?
Бұл механизм КПО тендерлік сауда-саттығы туралы ережесінде қарастырылған. Тендерлік сауда-саттық туралы Ережедегі соңғы өзгертулері КПО командасының осы механизмді қолдануын жеңілдетеді.
Тендерлік сауда-саттық туралы ережеге сәйкес, егер техникалық тұрғыдан қолайлы деп танылған жағдайда, халықаралық тендерге қатысушымен салыстырғанда тендерде ең төмен баға ұсынбаса да, қазақстандық компанияларға келісімшарттар берілуі мүмкін дегенді білдіре ме?
Иә. Баға ұсынысының шартты төмендеуі негізгі шарттар сақталған жағдайда қолданылуы мүмкін. Баға ұсынысын шартты түрде төмендетуге жол берілген басым тауарлардың тізбесі КПО сайтында жарияланатын болады.
Шартты жеңілдік тек тауарға (мысалы, трансформаторларға) беріледі ме, әлде бүкіл тауар желісіне ме? (мысалы электр жабдықтарына)
Шартты жеңілдік олардың жергілікті өндірісінің дәлелдемелері ұсынылған ұсыныс шеңберінде нақты тауарларға беріледі.
Жергілікті қамту % шартты жеңілдікке қалай әсер етеді? ШАРТТЫ ЖЕҢІЛДІКТІҢ 10% -ын алу үшін ТАУАР жергілікті қамтудың қанша пайызына ие болуы керек?
Қазақстандық тауарға сертификаттың (СТ-KZ) болуы 5% мөлшерінде жеңілдікті қамтамасыз етеді. 10% дейінгі жеңілдік мөлшері жергілікті қамту деңгейіне байланысты есептеледі. Жеңілдік баға ұсыныстарын бағалау кезінде мүмкіндіктерді теңестіру үшін конкурсқа қазақстандық, сондай-ақ шетелдік өндірушілер қатысқан жағдайда қолданылады. Егер сауда-саттыққа тек қазақстандық өндірушілер қатысатын болса, онда баға ұсынысын шартты түрде төмендету қолданылмайды және сауда-саттыққа қатысушыларға тең жағдайлар қолданылады.
Сатып алу КПО-мен тікелей емес, EPC-компаниясымен (БАС МЕРДІГЕР) арқылы жүзеге асқан жағдайда шартты жеңілдік қолданыла ма? Бұл құралды бас мердігерге қатысты пайдалану үшін не қажет?
Процедурадағы өзгерістер (Шартты жеңілдік) EPC-компаниялар арқылы сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге қолданылмайды, өйткені тек КПО-ның тікелей сатып алуларына қатысты. КПО EPC-компаниялары үшін Қазақстандық өндірушілерден сатып алу қажет тауарлардың тізімін және жергілікті компаниялардың тізімін ұсынады. Сатып алу процесін КПО-ның емес, EPC компаниялары тарапынан бақыланады.
Мен Қазақстанда тауарлар шығарамын (немесе өндіруді жоспарлап отырмын), инвестицияларды жүзеге асыру үшін сынақ тапсырысына /ұзақ мерзімді келісімшартқа және т. б. қатысты өз ұсынысымды қайда жібере аламын?
Жалпы ереже бойынша, КПО компаниясы нарықты (атап айтқанда, тіркелген жеткізушілерді) сынақ тапсырысын орналастыруға немесе оқшаулау факторымен ерте тендер өткізуге дайын екендігі туралы хабардар етеді. Алайда, жеткізушілер КПО компаниясының оларды КПО жеткізушілерінің дерекқорына жеткізуші ретінде тіркеліп, жергілікті деңгейде өндірісті жүзеге асыру мүмкіндіктерін нақты көрсете отырып, іскерлік серіктестер тізіміне енгізетініне көз жеткізе алады.
Сондай-ақ жеткізушілер КПО Интернет-сайтын тексеріп, онда жарияланған жылдық және орта мерзімді сатып алу жоспарларын қарап отыруы қажет. Егер жеткізуші / өндірушіде оның ойынша КПО компаниясының қызметіне өз үлесін қоса алатын жаңа технология бар болса, бізге хабарласып, келесі мекенжайларға электрондық хат жіберуді сұраймыз: (LCD@kpo.kz); ал егер сіз КПО жеткізушілерінің деректер базасында тіркелмеген болсаңыз - MIVQ@kpo.kz мекенжайына электрондық хат жіберуі сұралады.
Егер өндіруші сынақ тапсырысын орындай алмаған жағдайда оған тағы бір мүмкіндік беріле ме?
Сынақ тапсырыстарының мақсаты - қаралатын өнімдердің КПО-ның талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол себепті КПО компаниясы үшін сынақ тапсырысының сәтті орындалуы маңызды. Дей тұрғанмен, егер сәтсіздіктің себебін жеңу мүмкін болса, әр тараптың мүддесі үшін қатені түзетіп, тағы бір тексеру жүргізу қажет.
Сіз қазақстандық компанияларды қалай анықтайсыз және бұл қызметтерге де қатысты ма?
Қосымшада анықтамалар тізімімен танысуға болады
Біз КПО компаниясымен 4 жылға келісімшарт жасастық, оның мерзімі келесі жылы аяқталады. КПО компаниясының тұсаукесерінде 10 жыл мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу мүмкіндігі туралы айтылды. Біздің қолданыстағы келісімшартты ұзартуға бола ма?
Келісімшарттың мерзімін ұзарту нақты жағдайға байланысты - КПО-да осы тауарға қажеттіліктің болуы, мердігердің жергілікті қамту саласындағы келісімшарттық міндеттемелерді орындауы, жергілікті нарықта бәсекелестіктің болуы, өндірушінің пайыздық мөлшерлемені ұлғайтуға дайын болуы жергілікті қамту және т.б. Ұзақ мерзімді келісімшартты рәсімдеудің мақсаты - қол жеткізілген деңгеймен салыстырғанда жергілікті қамту пайызын арттыру.
КПО шетелдік емес компаниялардан тендер өткізу барысында бірлескен кәсіпорын құруды талап ете ме?
Кейбір тендерлер үшін бұл талап міндетті, ал басқалары үшін міндетті емес.
КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы туралы ақпаратты қалай білуге болады? Жергілікті өндірісті дамытудың жол карталары?
Сіз өз сұрауыңызды КПО жергілікті қамтуды дамыту бөліміне LCD@kpo.kz электрондық пошта арқылы жібере аласыз.
Бұрын өндірілмеген және сертификат болмаған тауарларға қатысты коммерциялық ұсыныс беру және өндірісті игеру мақсатында жергілікті қамту деңгейіне қандай негіздемені қолдануға болады?
Мұндай жағдайларда сынақ тапсырысы жүйесі, мерзімінен бұрын тендер немесе кейінге қалдырылған сертификат қолданылуы мүмкін.
Біз шетелдік компаниямен бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отырмыз. Біз оны КПО компаниясына қалай ұсына аламыз?
Өз ұсынысыңызды Жергілікті қамтуды дамыту бөліміне LCD@kpo.kz және MIVQ@kpo.kz электронды мекен-жайына жіберіңіз.
Біз жаңа компания болып табыламыз, қазіргі уақытта 1-ші санаттағы құрылыс лицензиясын алу және Қазақстанда жұмыс істейтін ірі шетелдік компаниямен (меморандум негізінде) консорциум құру үстіндеміз. КПО компаниясы біздің консорциумды қарастыра ала ма?
Өз ұсынысыңызды Жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің электронды поштасына LCD@kpo.kz жіберіңіз.
Біз химреагенттерді араластырумен және олардың өндірісін оқшаулаумен айналысқымыз келеді. Біз КПО-дан қолдау күте аламыз ба?
Өз ұсынысыңызды Жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің электронды поштасына LCD@kpo.kz жіберіңіз.
Біз мұнай-газ саласына арналған бірегей шығын материалдардың өндірісін жүргізгіміз келеді. Сол ретте, шетелдік серіктестікті іздестірудеміз. КПО үшін біздің шетелдік серіктесіміздің Shell және ENI-мен дүниежүзілік деңгейдегі ынтымақтастығы болғаны маңызды ма, әлде ол серіктесіміз ондай деңгейде жұмыс істемеген шетелдік өндірушісі бола ала ма?
Жоқ, КПО үшін шетелдік серіктестің Shell және ENI-мен дүниежүзілік деңгейде ынтмақтастығы болуы маңызды емес.
Сіздің цифрландыруға қатысты келісімшарттық стратегияңыз қандай? Біз техникалық қызмет көрсетуге қатысты цифрлық шешімдермен цифрлық телқосақтарды жасау саласындағы озық австралиялық компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрудамыз, осы тақырып бойынша КПО-ның тиісті бөлімдеріне (жобаларды жүзеге асыруға жауапты басшылар, жобалау мен құрылыс бөлімдерінің басшылары, нысандардың тұтастығына жауапты басшылар және өндіріс директоры) онлайн-презентация өткізуге рұқсат па?
Ұсынысыңызды Жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің электрондық мекен-жайына жіберіңіз LCD@kpo.kz.
Біз қаптама құбырларының және сорап-компрессор құбырларының өндірушісіз. Біз “премиум” класты қосылыстар өндірісінде 100% жергілікті қамтуды қамтамасыз ете аламыз. Біздің КПО-мен келісімшарт жасасуға мүмкіндігіміз бар ма?
Ұсынысыңызды Жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің электрондық мекенжайына жіберіңіз LCD@kpo.kz және MIVQ@kpo.kz.
КПО-ның Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі директоры кім?
Бірегей өндіріс жүргізуге қатысты барлық ұсыныстарыңызды толық ақпаратпен қамтып келесі электрондық мекенжайға жіберіңіз: LCD@kpo.kz
Қазақстандық компанияның мәртебесі туралы айтып берсеңіз. Шетелдік қатысуымен құрылған ЖШС компаниялары тендерге қатыса ала ма?
Шетелдік қатысуымен құрылған БК немесе ЖШС компаниялары тендерге қатыса алады.
КПО компаниясы үшін қазақстандық Жеткізушіні анықтаудың белгіленген шарты - Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, құрамындағы қызметкерлерінің жалпы санының кемінде тоқсан бес пайызы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын заңды тұлғалар.
© 2001-2022 Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В.