- Басты бет
- /
- Жергілікті қамту
- /
- Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі қызмет
- Қазақстандық жеткізушілерді қолдау тетіктері×
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ТЕТІКТЕРІ
ТЕТІК АТАУЫ СИПАТТАМАСЫ ЕРТЕ ТЕНДЕР Алдын ала сатып алу нысаны *
Келісімшарт жасасу әдісі - бәсекелі тендер процесі.
Мақсаты - тауарларды Қазақстан Республикасында өндіруді ұйымдастыру.
Тауарларды жеткізу тендері, оның қорытындысы бойынша Оператор кейінге қалдыру шартымен немесе Операторда осындай тауарларға қажеттілік туындағанға дейін ұзақ мерзімді жеткізу кестесімен тауарларды жеткізуге келісімшарт жасасады.
СЫНАМА ТАПСЫРЫС Келісімшарт жасасу әдісі - тендер, келіссөздер, конкурссыз негізде, біріңғай көзден алу.
Мұндай келісімшарт мақсаты - КПО-ның техникалық стандарттары мен пайдалану талаптарына сәйкестігін сынау және тексеру үшін Қазақстандық өндірушілерден тауар үлгілерін сатып алу.
Сынама тапсырыстың негізгі шарттары
• Тауардың мұнай-газ операциялары түріне сәйкестігі
• Аз көлемде сатып алу
• Сынау мен тексеру объективтілігі
• Сынама тапсырысты жұмыс бағдарламасы мен бюджет есебінен қаржыландыруИНВЕСТИЦИЯҒА
АЙЫРБАС ШАРТЫИнвестицияға айырбас шарты конкурссыз негізде жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт, оған сәйкес жеткізуші Қазақстан Республикасы аумағында сатып алу келісімшартының мәні болатын жергілікті тауарларды өндіруге міндеттенеді.
Келісімшарт жасасу әдісі - келіссөздер, конкурссыз негізде.
Мақсаты - тауарларды Қазақстан Республикасында өндіруді ұйымдастыру.
Инвестицияға айырбас шартының негізгі шарттары
• Ұзақ мерзімді келісімшарт;
• Конкурссыз негізде;
• Жергілікті тауарларды Қазақстан Республикасы аумағында өндіруді ұйымдастыру міндеті.ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕНДЕР Қазақстандық жеткізушілердің қатысу процедурасы
Келісімшарт жасасу әдісі - тек Қазақстандық ТЖҚ жеткізушілері арасында болатын бәсекелі тендер процесі.
Мақсаты - келісімшарттарды Қазақстандық ТЖҚ жеткізушілеріне беру.
Қазақстандық жеткізушілер арасында тендер өткізу шарттары
Егер:
Біліктілікті алдын ала тексеру процедурасы
(i) Оператор ұсынған міндетті техникалық критерийлер бойынша жеткізушілерді бағалау үшін біліктілікті алдын ала тексерудің тиісті процедурасын қолдану
Қазақстандық жеткізушілердің ең аз саны
(ii) Алдын ала іріктеуден өткен кемінде 5 Қазақстандық жеткізушінің болуы, Мердігер тендерді тек Қазақстандық жеткізушілер арасында өткізуге міндеттенеді.*Алдын ала сатып алу – сатып алуды жүзеге асыру нысаны, оның нәтижесінде Оператор ерте тендерлерді қоса алғанда, және олармен шектелмей, осындай тауарларды Оператор талаптарына байланысты жеткізу кідіру мүмкін немесе көпжылдық процес болуы мүмкін тауарларды сатып алуға келісімшарт жасасады. - Жергілікті қамту Саясаты
- Жергілікті қамту бойынша бастамалар×
ОТӨ қолдау бойынша іс-шаралар мен бастамалар
ОТӨ және қазақстандық жұмыстар мен қызметтер ұсынушыларды қолдау «Supplier Excellence Program» жеткізушілердің біліктілігін арттыруға арналған ішкі бағдарлама аясында жүзеге асырылады Бұл бағдарлама қазақстандық жеткізушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және мұнай-газ секторының қатаң стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама құрамына операциялық тиімділік, сапаны басқару және қауіпсіздік стандарттары сияқты маңызды бағыттарға бағдарланған оқыту мен дамыту мүмкіндіктерінің кешенді жиынтығы кіреді.
Бағдарлама аясында ОТӨ-ні API / ASME халықаралық стандарттары бойынша аккредитациялауға жәрдем көрсету, сонымен қатар кеңес беру қызметтерін көрсету үшін мердігерді тарту қарастырылған, бұл ретте іске асыруға арналған бюджетті уәкілетті орган бекіткен жағдайда жүзеге асырылады. Қосымша ретінде, ОТӨ-ні сертификатты растауда қолдау шарасы ретінде, КПО халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілген тауарды сатып алуға сынамалық тапсырыс орналастыру опциясын қарастыруда.
Жеткізушілердің біліктілігін арттыру бағдарламасы туралы толығырақ төменде ұсынылған:
«Supplier Excellence Program» атты жеткізушілердің біліктілігін арттыру бағдарламасы
СИПАТТАМАСЫ Негізгі білім мен техникалық дағдылар Саладағы озық тәжірибе: мұнай-газ өнеркәсібінің халықаралық стандарттары бойынша оқыту ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ: мұнай-газ саласында кеңінен қолданылатын ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ хаттамаларына сәйкестікті оқыту Оқытуға қауіпсіз жұмыс әдістері, апаттық жағдайларға ден қою рәсімдері және экологиялық нормаларға сәйкестік кіреді СБЖ: сапаны бақылау әдістемелеріне, сәйкессіздіктерді басқаруға және үздіксіз жетілдіру үдерістеріне басымдық Арнайы технология: алдағы жобалар мен жеткізушілердің қажеттіліктеріне байланысты нақты тауарлар мен қызметтерге қатысты мамандандырылған технологияларға, техникалық стандарттарға бағытталған мақсатты оқыту Кәсіп пен дағдыларды дамыту Шарт бойынша келіссөздер және тендерлік саудаласу: жеткізушілерді тендерлік процесс туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және тендерлік саудаласу мәнін түсінуге, бәсекеге қабілетті ұсыныстар беруге мүмкіндік беретін дағдыларға оқыту Жергілікті қамтуды басқару*: ЖҚ есептеу әдістемесі, болжау, тиімділік көрсеткіштері, есептілік жасау, ынталандыру бағдарламасы (ЖҚ бойынша жоғары көрсеткіштер үшін) Ашықтық және коммуникация*: алдағы сатып алу қызметінің жоспарлары, белгілі бір тауарлар мен қызметтерге қатысты стандарттар мен техникалық сипаттамалар туралы хабардар ететін тәжірибелік сабақтар Қаржыны басқару: қаржылық жоспарлау, болжау және ресурстарды тиімді басқару үшін шығындарды есепке алу құралдары бойынша семинар Тиімділікті басқару: шартты орындау жөніндегі конструктивті кері байланыс алу, түзету шаралары бойынша ұсынымдар мен даму мүмкіндіктерін айқындау үшін жеке кездесулер өткізу Қосымша шаралар Сала аясындағы ынтымақтастық: қолданыстағы бастамаларды пайдалану, жеткізушілер деректер базасын кеңейту, байланыс пен ақпарат алмасу платформасын қолдану мақсатында салалық қауымдастықтармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық КПО іс-шарасы: КПО-ның ЖҚ саласындағы жетістіктерін, мақсатты көрсеткіштерін, жоба мәртебесін және алдағы сатып алу жоспарларын жариялау үшін, сондай-ақ ЖҚ-ны дамытудағы табысты тәжірибелер мен мойындау сыйлықтарын ұсыну үшін жыл сайынғы форум Ашықтық: қазақстандық кәсіпорындармен Интернет арқылы байланыс орнату, сатып алу жоспарларын және жергілікті қамту мүмкіндіктерін жариялау, жергілікті қамту бойынша ұсыныстар тарту және мәселелерді шешу Объектіге бару: Қазақстан Республикасында өндірілген, жергілікті ретінде мәлімделген немесе жергіліктендіруді жоспарлаған тауарларды өндіру бойынша өндірістік мүмкіндіктерді бағалау және растау (жол карталары, сынамалық тапсырыстар және т.б.) КПО «must-have-package» қолдану тәжірибесін жалғастырады, ол ТЖҚ-ның (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) тізбесін білдіреді және қолданылатын жағдайларда сатып алулардағы жергілікті қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық жеткізушілермен міндетті түрде орындалуы тиіс. «Must-have-package» шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және отандық өндірушілерден, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерінен сатып алу міндеттемелері мен көлемдерін көрсете отырып, шарттық міндеттемені білдіреді.
Сонымен қатар, КПО шарттық стратегияларды әзірлеу кезінде, қолданылатын жағдайларда, «must-have-package» құрамына мынадай шарттарды енгізуді жоспарлап отыр:
қазақстандық жобалау институттарымен немесе қазақстандық серіктестің кемінде 50% үлесі бар бірлескен кәсіпорындармен жобалау,
консорциум құрамындағы отандық жобалау институтымен жұмыстың кемінде 50% көлемін орындау, көлем үлесін кезең-кезеңімен ұлғайту міндеттемесімен.
шартты орындаудағы жергілікті қамтудың жалпы үлесінде кемінде 50% қамтамасыз ету міндеттемесі және жергілікті қамту үлесін кезең-кезеңімен арттыру,
инженерлік жұмыстарды міндетті түрде Қазақстан Республикасының аумағында орындау,
қазақстандық инженерлердің еңбекақы қорындағы үлесі жалпы еңбекақы қорының кемінде 50%-ын құрауы тиіс,
ИТЖ персоналының жалпы санының кемінде 70%-ын қазақстандық инженерлер құрауы тиіс, қазақстандық инженерлердің санын оқыту және ұлтандыру бағдарламаларын іске асыру арқылы кезең-кезеңімен арттыру міндеттеледі.
Сыртқы тараптармен өзара әрекеттестік
Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMB орталығы)2021 жылғы 8 сәуірде үш ірі оператор мен «IMB Центр» арасындағы өзара қатынастар туралы Келісім шеңберінде «IMB Центр» ұсынатын және Операторлар бекітетін негізгі тиімділік көрсеткіштерімен (KPI) бірге Жылдық жұмыс жоспары мен бюджет жыл сайын қаралады. Сондай-ақ, «IMB Центр» жылына екі рет Операторлар бекіткен есеп форматтары мен үлгілеріне сәйкес Жылдық жұмыс жоспары мен бюджеттің орындалуы туралы есепті қарауға ұсынады.
Алдағы кезеңде IMB Центрмен ынтымақтастық аясында жоспарлануда:
қуаттылықты арттыру жоспарларын (CDP) табысты іске асыру нәтижелері бойынша сынамалық тапсырыстарды әлеуетті түрде беру;
осы құжаттың 11.5-қосымшасына сәйкес 12 тауар санаты бойынша компаниялармен жұмыс жоспарын орындау;
Операторлармен IMB Центрдің өкілеттіктерін күшейту / кеңейту жөніндегі іс-қимыл жоспарын келісу.
Қазақстан мұнайсервис компанияларының одағы «KazService» және «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ
КПО-ның «KazService» және «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» сияқты салалық қауымдастықтармен өзара іс-қимылын атап өту маңызды. Бұл өзара іс-қимылдар ЖҚ-ны дамыту және жергілікті экономиканы қолдау мақсаттарына қол жеткізуде шешуші рөл атқарады. KazService-пен ынтымақтастық аясында КПО мұнай-газ секторындағы ЖҚ үлесін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларға белсенді қатысады. Бұл жергілікті жеткізушілерге арналған семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруды, сондай-ақ жергілікті бизнесті қолдау мен дамытуға арналған бірлескен бастамаларды әзірлеуді қамтиды. KazService және Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастыратын форумдар мен семинарларға қатысу саладағы басқа қатысушылармен білім және озық тәжірибе алмасу алаңы ретінде қызмет етеді. Бұл Қарашығанақ жобасын іске асыруда ЖҚ үлесін арттыру бойынша ішкі процестерді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Салалық қауымдастықтармен ынтымақтастық жергілікті жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және олардың біздің жеткізу тізбегімізге қатысуын кеңейтуге бағытталған.
«KazService» және «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ сияқты салалық қауымдастықтармен КПО-ның өзара іс-қимылы, КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту стратегиясының маңызды элементі болып табылады. Бірлескен күш-жігер мен серіктестік арқылы біз орнықты әрі бәсекеге қабілетті жергілікті экономиканы құруға, жергілікті бизнестің дамуына және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеміз.
- Жергілікті қамтуды жүзеге асыру×
ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ ДАМЫТУ
Қарашығанақ кен орнын игеруді бастағалы КПО компаниясы қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді жұмылдыра отырып Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Бұл импортты азайтуды, сондай-ақ Қарашығанақ жобасы бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінде отандық өндіріс тауарларының, қызметтер мен жұмыстарының көлемін ұлғайтуды көздейді. КПО компаниясы 2001 жылдан бастап Қарашығанақ жобасы аясында тұрақты негізде жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыруда. Бағдарламаның 2022-2024 жылдарға арналған мақсаттары Қазақстан Республикасының машина жасауды, индустрияландыруды және цифрландыруды дамыту жөніндегі мемлекеттік бастамаларына және КПО-ның жергілікті қамту саласындағы корпоративтік саясатына сәйкес келеді. Аталмыш бағдарлама жергілікті қамтуды дамыту мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ қызметтің тиімділігін мониторингілеу мен бағалаудың негізгі көрсеткіштерін айқындайды.
2024 жылы КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту бастамалары келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
- 2024 жылы Қарашығанақ жобасындағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 65% құрады (679,7 млн. АҚШ доллары);
- 88,3 млн АҚШ долларына Қазақстан өндірісінің тауарлары сатып алынды, бұл жалпы сатып алу көлемінің 42,3%-ын құрайды (оның ішінде СТ-КЗ сертификаты бойынша жергілікті қамту үлесі 18,2%).
КПО сатып алуларының жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014 - 2024 жж.
- Мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығымен (IMB орталығы) сыртқы ынтымақтастық×
Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMB орталығы)
«Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» (IMB орталығы) қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша қауымдастықтың жалғыз мүшелері болып саналатын Қазақстанның ірі мұнай және газ кен орындарының операторлары («Теңізшевройл» ЖШС, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.») құрған.
IMB орталығы 2021 жылғы 25 ақпанда тіркелген және екі заңды тұлға – «Мұнайшы-геологтардың қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ құрған бірлестік түрінде коммерциялық емес ұйым ретінде ҚР заңнамасына сәйкес қызмет етеді. Операторлар (КПО, ТШО және НКОК) 2021 жылғы 8 сәуірден бастап бірлестікке мүше болып қосылды.
IMB орталығының миссиясы – ірі операторларды Қазақстан Республикасының машина жасау саласымен байланыстыру, орталықтың талдауы, біліктілігі, әлеуетті дамыту және инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі бастамалары сияқты құралдар арқылы қолдау көрсету, соның арқасында Қазақстандағы мұнай-газ тауарлары өндірісін дамытуға жәрдемдесу.
«Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталықты» («Халықаралық орталық») құрудағы мақсат мына аспектілерде қолдау (қаржылық емес) көрсету:
- қазақстандық машина жасаушы компаниялардың жабдықтар мен техника өндіру саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнімдерді операторлардың одан әрі пайдалануына жағдай жасау;
- жеткізілетін тауарлардың сапасын арттыру арқылы жергілікті қамтуды ұлғайту;
- операторлардың жергілікті тауарларды пайдалануы үшін жағдай жасау мақсатында елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа тауарларды өндіру әлеуетін дамыту; және
- қазіргі уақытта жеткізушілерге ұсынылып жүрген операторлар пайдаланатын жабдықтар мен техникаларға арналған техникалық шарттарға/стандарттарға сәйкестендіру мүмкіндігін талдау (қазіргі уақытта операторлар жеткізушілерге ұсынып жүргендей форматта және толық).
Халықаралық орталық қызметінің негізгі бағыттары:
- Ақпарат алмасу: деректерді жинау және Операторлардың қажеттіліктерін талдау, сондай-ақ тауарларды жергіліктендіру мүмкіндіктерін анықтау және техникалық стандарттарды жеңілдету үшін техникалық шарттарды талдау;
- Нарық конъюнктурасын талдау: Операторларға жеткізуші бола алатын ұйымдарды анықтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Өндірушілердің әлеуетін дамыту: отандық өндірушілерге мұнай-газ саласына қатысты тауарларды Операторларға жеткізу тұрғысынан өз мүмкіндіктерін дамытуда техникалық жағынан қолдау көрсету, сондай-ақ Операторлардың әлеуетті жеткізушілері ретінде әрекет ету мүмкіндігін дамыту;
- Инвестициялық қызметке жәрдемдесу: мұнай-газ секторында инвестиция тартуға және жергіліктендіруге жәрдемдесу мақсатында отандық және шетелдік компанияларға қолдау көрсету;
- Ақпараттық-ағарту қызметі: Қазақстан Республикасында мұнай-газ саласына қатысты машина жасауды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған Қазақстан Республикасымен және халықаралық мүдделі тараптармен ынтымақтастық.

© 2001-2022 Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В.