Жергілікті қамту
- Басты бет
- /
- Жергілікті қамту
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны көмірсутегі қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады және Қазақстан экономикасын дамыту үшін орасан зор әлеуетке ие. Оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері, әсіресе, жергілікті қамтуды дамыту және отандық кәсіпкерлікті қолдау аясында баға жетпес.
КПО-ның жергілікті қамтуды дамытудағы миссиясы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жергілікті жеткізушілерді қолдау, сондай-ақ олардың Қарашығанақ жобасын іске асыруға белсенді қатысуы үшін жағдай жасау арқылы ұлттық экономиканың өсуіне ықпал ету болып табылады. Жергілікті қамту үлесін арттыру қазақстандық компаниялар мен мамандарға озық технологиялар мен білімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл олардың кәсіби дамуына ықпал етеді және тұтастай алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жергілікті қамтуды дамыту жергілікті компаниялардың қызметі мен олардың жұмысшыларының жалақысы есебінен бюджетке түсетін салық түсімдерінің артуына да ықпал ететінін айта кеткен жөн. Бұл қосымша қаржы ресурстарын әлеуметтік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, сол арқылы Қазақстанның экономикалық өсуіне, тұрақты дамуына және азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етуге болады.




