ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы

КПО жергілікті қамтуды дамыту саясатында қойылған міндеттемелерді орындау мақсатында, компания Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамтуды дамытудың екі жылдық бағдарламасын ҚР мемлекеттік машина жасау, индустрияландыру және цифрландырудағы бастамаларына сәйкес әзірлеуде және жүзеге асыруда. Бағдарлама, жергілікті қамтуды дамытудағы мақсатты өрістерді және негізгі қызметтердің тиімділігін бағалау мен бақылаудың индикативтік көрсеткіштерін анықтайды.

«Қазақстандық тендерлерді» өткізу жергілікті өндірушілер мен жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. 2021 жылы КПО жалпы сомасы 50,4 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 қазақстандық тендерді тек қана жергілікті компаниялар арасында өткізді.

КПО өзі орналасқан аймақ— Батыс Қазақстан облысы (БҚО) тауар өндірушілердің тұрақты дамуын нығайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. КПО БҚО кәсіпорындарын, соның ішінде машина жасау секторының кәсіпорындарын тұрақты түрде нарықты зерттеуге және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу тендерлеріне, сондай-ақ жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру мақсатында компания өткізетін түрлі іс-шараларға қатысуға шақырады. 2021 жылы КПО Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындарына тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу үшін 269,2 млн. АҚШ долларын төледі, мұндағы жергілікті қамту үлесі 201,3 млн. АҚШ долларын немесе 74,8%-ды құрады.