ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті қамту мәселелері бойынша өзара әрекеттесу

Жергілікті өндірісті дамыту бойынша инвестициялар тарту үшін ҚПО халықаралық сауда өкілдіктерімен бірлескен жұмыс жүргізуді жалғастырды, сондай-ақ жеткізушілермен диалог үшін платформаны қамтамасыз етеді. Өзара іс-қимылдың мақсаты бірлескен кәсіпорындар құру және технологияларды қазақстандық компанияларға беруге жәрдемдесу үшін халықаралық компаниялармен әріптестік қатынастар орнату болып табылады.

  • 2021 жылдың маусымында КПО ITALY-KAZAKHSTAN BUSINESS FORUM халықаралық форумына қатысты, онда халықаралық компанияларды жаңартылатын және «жасыл энергия» саласына тарту, агробизнес пен машина жасауды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мәселелерін талқыланды.
  • 2021 жылғы 5 тамызда КПО Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және «PSA» ЖШС өкілетті органының қолдауымен және қатысуымен жергілікті қамтуды дамыту бойынша онлайн-форум өткізді. Форумның мақсаты қазақстандық компанияларды Қарашығанақты кеңейту жобасымен (1А кезеңі (5ГАК), жергілікті қамту жөніндегі стратегиямен, сондай-ақ жобалау, сатып алу және құрылыс жүргізу (ЖСҚ) жөніндегі жұмыс көлемімен, ТЖҚ-дағы әлеуетті мүмкіндіктермен және жергілікті компаниялар үшін талаптармен таныстыру болды.
  • 2021 жылғы 23 тамызда арнайы БҚО өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері үшін Қарашығанақты кеңейту жобасы (1А кезеңі (5ГАК) бойынша онлайн-семинар өткізілді, бұл іс-шараның негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілерді осы жобаға қатысу мүмкіндіктерімен таныстыру және БҚО-ның ЖСҚ мердігері мен компаниялары арасында жеке кездесулер өткізу. Семинар қорытындысы бойынша БҚО кәсіпорындарының өндірістік әлеуетімен танысу мақсатында ЖСҚ жөніндегі мердігерімен кездесу ұйымдастырылды.